Фейк: «Вакцинация – барлық аурулардың себебі»
Қазнетте дәрігер Михаил Сватковскийдің сұхбаты тарады. Оның пікірінше, барлық дерлік ауру, соның ішінде қатерлі ісік, аутизм және гепатит вакцинацияның жанама әсерлері болып табылады. Ол барлық вакциналарда болатын ауыр металдармен улану дәл осылай көрініс табады деп ойлайды. Бұл өтірік.
Шын мәнінде, Михаил Сватковскийдің сөзі негізінен ғылымға қарсы және көптеген зерттеулердің нәтижелері мен әлемдік ғылыми қоғамдастықтың ресми мәліметтеріне қайшы келеді. Оның кейбір мәлімдемелерін талдап шығайық.
- Барлық вакциналарда ауыр металдар бар
Сватковский ауыр металдарға сынап тұздарын, алюминий және формальдегидті мысал ретінде келтіреді. Мұның ешқайсысы ауыр металл емес, оның үстіне сынап тұздары мен формальдегид мүлдем металл емес. Ауыр металдарға: хром, марганец, темір, кобальт, никель, мыс, мырыш, галлий, германий, молибден, кадмий, қалайы, сурьма, теллур, вольфрам, сынап, таллий, қорғасын, висмут жатады.
Вакциналардың құрамында бұлардың ешқайсысы жоқ.
Кейбір вакциналар құрамында мыналар болуы мүмкін:
Сынап тимеросалы. Бұл компонент металл емес. Ол вакцинада бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін қажет. Оны бір дозадан артық препарат құйылған құтыларға қосады. Денеде тимеросал жеңіл ыдырайды және ешқандай зиян келтірмей, ағзаларда жиналмай табиғи түрде шығарылады. Клиникалық зерттеулер деректері оны вакциналарда қолдану қауіпсіз екенін растады.
Алюминий. Бұл да ауыр металл емес. Ағзада күшті иммундық реакция тудыру үшін вакцинаға алюминий аз мөлшерде қосылады. Алюминийдің вакциналардағы мөлшері ағза үшін толығымен қауіпсіз екенін дәлелдейтін зерттеулер бар. Сонымен қатар, алюминий суда, топырақта, атмосферада және кейбір тағамдарда болады.
Формальдегид. Ол тек инактивтендірілген вакциналарда ғана қолданылады. Бұл компонент препараттардағы вирусты көбею қабілетінен айыруға көмектеседі, демек, оны қауіпсіз етеді. Формальдегидтің ұзақ және тұрақты әсері денсаулыққа теріс әсер етуі мүмкін, бірақ бұл заттың вакциналарда болатын мөлшері толығымен қауіпсіз. Салыстыру үшін: белсенді емес вакцинаның бір дозасында 0,02 мг формальдегид болуы мүмкін. Бұл ретте екі айлық баланың ағзасында табиғи метаболизм процесінде өндірілген формальдегидтің мөлшері 1,1 мг жетуі ықтимал. Яғни, вакциналардағы формальдегид мөлшері адам ағзасындағы заттың табиғи және қауіпсіз деңгейінен аспайды.
- Есте сақтау қабілетінің нашарлығы және дене мүсінінің дұрыс болмауы – ауыр металлдың интоксикациясының белгілері
Бұл мәлімдеме дәрігер Сватковскийдің біліктілігіне күмән тудырады. Ауыр металмен уланудың белгілері мүлдем басқа. Атап айтқанда: ішек моторикасының бұзылуы, жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, қан қысымының «секіруі», ентігу, бауыр мен бүйректің бұзылуы.
3.Барлық вакциналардың құрамы құпия сақталады
Бұл вакцинацияға қарсы адамдардың басты дәлелдерінің бірі. Алайда, ол сын көтермейді. Вакциналардың құрамы мен өндірушілер туралы мен толық деректер баршаға қолжетімді және олармен кез келген адам таныса алады. Мысалы, Қазақстанда тіркелген вакциналардың толық тізімімен, олардың құрамымен және қарсы көрсетілімдерімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайтында танысуға болады. Тізімде COVID-19 қарсы вакциналар да, міндетті профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне кіретін препараттар да бар.
4.Вакциналар қатерлі ісік, аутизм және гепатит тудыратыны дәлелденді
Бір қызығы, бұған тоқтала келе, дәрігер Сватковский бұл «деректерді» нақты кім және қашан, қалай дәлелдегені туралы айтпайды. Шын мәнінде, аутизм мен вакциналардың байланысы – бұл 20 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған және бір зерттеуге негізделген ескі фейк. Автордың оның нәтижелерін бұрмалағаны анықталды, нәтижесінде жұмыс кері қайтарылды. Бірде-бір ғылыми зерттеу вакцинацияның аутизмнің дамуымен байланысын растамады, бұл осы идеяның фейк және ғылымға қарсы екенін дәлелдеді.
Вакциналар қатерлі ісік пен гепатит тудыратыны туралы теория да негізсіз және мамандармен бірнеше рет жоққа шығарылды.
Мұның бәрі Михаил Сватковскийдің сөзін толығымен терістейді. Оның тұжырымдары ылыми негізі жоқ қастандық теорияларды қайталайды. Ал кейбір қорытындылары өтірік болып табылады.