Fake News

Фейк: «ОАР президенті омикрон нұсқасы жоқ деп мәлімдеді»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда ОАР президенті Сирил Рамафоза SARS-CoV-2 вирусының нұсқасы жоқ деп мәлімдегені туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл жалған.


Сирил Рамафоза осы жылдың 30 қарашасында теледидардан сөз сөйлеп, АҚШ пен Еуропаны омикрон вирусының жаңа нұсқасының таралуына байланысты ОАР-ға саяхаттауға тыйым салудан бас тартуға шақырды. Өз сөзінде ол бұған ғылыми негіз жоқ деп мәлімдеді. Алайда, бұл нұсқаның өзі жоқ дегеннің белгісі емес.
Шын мәнінде, ол мутация туралы ақпарат аз деп айтқан. Мысалы, ғалымдар бұл нұсқа вакциналарға төзімді, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда вирулентті және белгілі бір белгілері бар ма, жоқ па, оны әлі анықтаған жоқ. 
Бүгінгі таңда мутацияны зерттеу жалғасуда және ОАР-ға саяхат уақытша шектелді. Осылайша, билік аз зерттелген вирус нұсқасының әлемге таралуына жол бермеуге тырысуда. 
Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, «Омикрон» нұсқасының пайда болуы туралы ДДСҰ осы жылдың 24 қарашасында хабарлады. 1 желтоқсанда бұл нұсқаны жұқтырудың алғашқы жағдайы АҚШ-та тіркелді. Қолда бар мәліметтер бұл нұсқа бастапқы SARS-CoV-2 штаммына қарағанда тез таралуы мүмкін. Дегенмен, ғалымдар вакциналар бұл нұсқаны жұқтырған кезде аурудың ауыр ағымынан қорғай алады деп үміттенеді.
Демек, ОАР Президенті Sars-CoV-2 –нің «Омикрон» нұсқасы жоқ деп мәлімдеме жасамаған. Ол басқа мемлекеттерді өз еліне саяхаттауға тыйым салудан бас тартуға шақырды, себебі бұл экономикалық жағдайға әсер етеді деген. Вирустың «Омикрон» нұсқасы бар және бұл ғылыми дәлелденген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button