Fake News
Қазақстандық вакцина NurNaz C-19 деп аталады – фейк
Facebook-те Қазақстанда жасалған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина NurNaz C-19 деп аталады деген хабарлама тарады. Бұл тұжырым – фейк. Шындығында, препарат мүлдем басқаша – NARUVAX C-19 деп аталады.
Бұл туралы вакцинаны әзірлеушілердің бірі, қазақстандық ғалым Қайсар Табынов мәлімдеді. Қазір препарат жануарларға клиникаға дейінгі сынақ кезеңінен өтуде.
NARUVAX C-19 – ДДСҰ кандидат вакцина ретінде тіркеген төрт қазақстандық вакцинаның бірі.