Fake News

Фейк: «Пандемия кезінде COVID-19-дан бірде-бір бала қайтыс болған жоқ»

Әлеуметтік желілерде балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың қажеті жоқ деген пікір айтылуда. Пандемия кезінде бірде-бір бала осы аурудан қайтыс болмаған екен. Өкінішке орай, бұл олай емес.

Балалар мен жасөспірімдер арасында COVID-19 бойынша өлім-жітім көрсеткіші егде жастағы адамдар арасындағы көрсеткішке қарағанда бірнеше есе төмен. Алайда, бұл балалар COVID-19 жұқтырмайды және одан қайтыс болмайды дегеннің белгісі емес.
ЮНИСЕФ-тің 2022 жылғы маусымдағы мәліметтері бойынша, КВИ салдарынан әлемде 20 жасқа дейінгі 17 200-ден астам бала мен жасөспірім көз жұмған. Олардың 47%-ы –жаңа туған және тоғыз жасқа дейінгі балалар.
Постта АҚШ-та бірде-бір бала өлмеген деп айтылған, іс жүзінде нөлден төрт жасқа дейінгі 442 бала және бестен он сегізге дейінгі 815 бала қайтыс болды. 
Хабарлама авторы мысал ретінде келтіріп өткен Германияда да балалар COVID-19-дан қайтыс болған. Неміс балалар жұқпалы аурулар қоғамы мен Германияның ауруханалық гигиена қоғамының мәліметтері бойынша, өткен жылдың 13 сәуірінде нөлден тоғыз жасқа дейінгі жас тобында 12 және 10-19 жас аралығындағы адамдар арасында 5 өлім тіркелген.
Хабарламада көрсетілген COVID-19 салдарынан бірде-бір бала өлімі тіркелммеген үшінші меммлекет – Швеция. 2022 жылғы 20 маусымдағы статистика бойынша, КВИ нәтижесінде елде тоғыз жасқа дейінгі 11 бала және 10-19 жас аралығындағы бес жасөспірім қайтыс болған.
Демек, балалар COVID-19-дан өлмейді деген пікір қате. Өкінішке орай, балалар да ауру жұқтырады, кейде оның салдары өлімге әкеледі, бірақ бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button