Fake News

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған пациенттерге тегін дәрі-дәрмектер тағайындау туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Олжас Әбішев (2018-2020 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі, – ескерту) қайтыс болған адамдарға рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмектер тағайындалады деп айтқан сұхбатқа сілтеме тіркелген ақпарат тарады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы мәлімдемеге қатысты түсініктеме берді.

«Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Бүгінгі күні ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты дәрілік заттармен тиімді және ашық қамтамасыз ету мақсатында Министрлік Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің атынан ДҚАЖ-ға және медициналық ақпараттық жүйеге (МАЖ) тұрақты мониторингті жүзеге асырады.

Бұдан басқа, препараттарды беру рәсімі Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры мен “СҚ-Фармация” ЖШС деңгейінде бақыланады.

Бұрын қайтыс болған пациенттерге рецепт жазудың  жекелеген жағдайлары анықталған.

Анықталған фактілер бойынша егжей-тегжейлі талдау кезінде бұл жағдайлар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесіне деректерді уақтылы енгізбеудің салдарынан болғандығы анықталды.

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмекті алу туралы растау коды бар СМС хабарламалардың көмегімен пациенттен растау алу бойынша сервистерді іске асыру және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Денсаулық сақтау министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп дәрілік заттарды цифрлық таңбалау мен қадағалауды енгізу бойынша жобаны іске асырып жатқанын айта кетейік. Бұл жобаның нәтижелері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді толық цифрландыруды қамтамасыз етуі керек, бұл бүкіл өмірлік цикл жолында дәрі-дәрмек қозғалысының ашықтығына әкеледі және дәрі-дәрмектің сапасын бақылауды арттырады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін екенін естеріңізге сала кетейік.

Көрінеу жалған ақпарат таратудың осы фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігі құқық қорғау органдарына жүгінуге құқығы бар», – делінген ведомство хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button