Fake News

Пекин Палас қонақ үйі ғимаратындағы 7 қараша күнімен құттықтау – фейк

Желіде Пекин Палас Soluxe Hotel Astana қонақ үйі ғимаратындағы орақ пен балғаның үлкен баннері мен “7 қараша күнімен” деген жазу жазылған фото тарады.

Сурет авторының айтуынша, осылайша “қытайлар Ұлы Қазан социалистік революциясы күнімен” Қазақстан халқын құттықтаған. Шындығында, ғимаратта мұндай баннер жоқ, ал фотосурет графикалық редакторлардың көмегімен өңделген.

Қазақстанда 7 қараша мемлекеттік мереке болып табылмайды. Кеңес Одағы кезінде осы күні Қазан төңкерісі күні атап өтілетін. 1991-1992 жылдары бұл күн посткеңестік кеңістіктегі бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда мемлекеттік мерекелер күнтізбесінен алынып тасталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button