Fake News

Қазақстандықтарға төленген ҚҚС қайтарылады – фейк

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар бір кездері төлеген ҚҚС сомасын кері қайтарала алады деген ақпарат тарады. Бұл туралы видеороликте айтылады, жалған видеоның негізіне жаңалықтар телеарнасының сюжеті алынған. Бұл ретте диктордың сөзі жасанды интеллект оқыған мәтінмен алмастырылған. Видео соңында пайдаланушыларға төлемді қайтару үшін жеке банк картасының мәліметтері енгізілетін фишингтік сайтқа өту ұсынылады.

Видео авторының айтуынша, жаңа заң жобасына сәйкес барлық жасалған сатып алудан ҚҚС-ты 18 жастан асқан кез келген ҚР азаматы қайтара алады. Осы мақсатта «Төленбеген ақша қаражатын қайтарудың «Бірыңғай өтемақы орталығы» немесе ТАҚ БӨО құрылған.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай төлемдер туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

«Ойдан шығарылған қаржы қайтару туралы нұсқаулықта автор көрерменнен өзінің мәліметтерін, банк картасының номерін және CVV/CVC кодын көрсетуді сұрайды. Осылайша, жалған заңгерлер банктік картадағы ақшаны иеленеді. Видеожазба немесе жалған сайтта жағымды пікірлер де болуы мүмкін, олар да шындыққа жанаспайды», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ ведомствода жыл басында Қазақстанда YouTube-те таралған фишингтік интернет-ресурс анықталғанын еске салып өтті. KZ-CERT қызметі оны «Интернет сегментіндегі фишинг/алаяқтық» деп тапты. Ресурсты әзірлеушілер пайдаланушылардың жеке мәліметтерін және банктік карталарының деректерін жинаған.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті барлық қазақстандықтарды сақ болуға және жалған дереккөздерден таратылған күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Қазақстанда алаяқтар пайдаланушыларды фишингтік сайттарға тартып, олардың жеке мәліметтері мен ақшасын иемденуге тырысқан жағдайлар бұған дейін де орын алған. StopFake.kz зиянкестер 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді «ресімдеуді» ұсынғаны, танымал компаниялардың көшірме сайттарын жасағандығы, тіпті белгілі брендтердің атынан ұтыстар мен сауалнамалар өткізгендігі туралы жазған болатын.

Фишингтік сайттар дегеніміз не және олар неге қауіпті? Бұл туралы мына жерден оқи аласыз.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button