Fake News

Фейк: «АҚШ COVID-19 қарсы вакциналар инфаркт пен өлімге әкелетінін мойындады»

Қазнет қолданушылары АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасын санитарлық қадағалау басқармасы COVID-19 қарсы вакциналардың бірқатар жанама әсерлерін, оның ішінде инфаркт пен өлімге әкелетінін мойындады деген ақпаратпен бөлісуде. Мұндай тізім ведомствоның вакциналардың қауіпсіздігін бақылау құжатында көрсетілген. Бұл жалған.

COVID-19 алдын алуға арналған препараттардың қаупі туралы бейнероликте Vaccines and Related Biological Products Advisory Committee October 22, 2020 Meeting Presentation құжаты талқыланады. Атауында көрсетілгендей, файл өткен жылдың 22 қазанында шыққан. Онда вакциналарды сатуға шығаруға дейін тез зерттеу туралы айтылады. Естеріңізге сала кетейік, ол кезде кандидат вакциналардың ешқайсысы жаппай қолдану үшін мақұлданбаған болатын. Бірінші, Pfizer-BioNTech шығарған FDA вакцинасын жедел қолдануға тек 2020 жылғы желтоқсанда ғана рұқсат етілді.
Видеода автор құжаттың 27 бетінің біреуін ғана көрсетеді. Алайда, мәтінді толық оқып шықсаңыз, бұл тізімнің тіркелген және расталған жанама әсерлердің тізімі емес, FDA сатылымға шығармас бұрын препараттың жанама әсерлерін зерттеп, тізімнен шығаруды жоспарлап отырған ықтимал және қауіпті жағымсыз реакциялардың тізімі екенін түсінесіз.
Өткен жылдың 10 желтоқсанындағы құжатта (оны жариялағаннан кейін Pfizer-BioNTech вакцинасы мақұлданды) препараттың өлімге, инфарктқа және аутоиммундық аурулардың дамуына әкелетіні туралы ештеңе айтылмаған.
Сондай-ақ, видео авторы FDA СOVID-19 қарсы бірде-бір вакцинаны мақұлдаған жоқ деп мәлімдейді. Бұл жалған. Ведомствоның ресми сайтында қолдануға рұқсат етілген үш препарат көрсетілген: Pfizer-BioNTech, Moderna және Janssen.
Автордың FDA адамдарда вакцинациядан кейін пайда болатын жағымсыз әсерлер туралы мәліметтер жинауға мүдделі емес деген тұжырымы да дұрыс емес. Іс жүзінде, ведомство FDA сайтында толық ақпарат ұсынылған арнайы VAERS жүйесін қолдана отырып, жанама әсерлер туралы барлық хабарламаларды жинайды. 
Қорыта айтқанда, жанама әсерлердің бекітілген тізімі туралы хабарламалар жалған болып табылады. Бұл тізім FDA СOVID-19 қарсы вакциналарды сатуды бастамас бұрын жоққа шығаруға ниетті ықтимал құбылыстардың тізімі ғана.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button