Фейк: «Жаппай вакцинациялау құпия саяси әдістің арқасында мүмкін болды»
Facebook-те COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация «Овертон терезесі» деп аталатын аса танымал емес және өте тиімді саяси техниканың арқасында жүзеге асырылғандығы туралы хабарлама таратылуда. Овертон терезесі дегеніміз? Оның жаппай вакцинацияға неге қатысы жоқ? Түсіндіріп өтейік.
Овертон терезесі – бұл саяси тұжырымдама, ол біріншіден, күшті дәлелдер базасымен ерекшеленбейді, екіншіден, соңғы жылдары қатты бұрмалаушылыққа ұшырады.
Идея авторы – Джозеф Овертон. Ол тұжырымдаманы саясаткерлер үшін белгілі бір кезеңде қолдау және алға жылжыту қауіпсіз болатын пікірлер мен идеялар спектрі ретінде сипаттаған. Сонымен қатар түпнұсқа сипаттамада Овертон терезесі бұқаралық сананың әсер ету немесе өзгеру механизмі болған жоқ. Керісінше, Джозеф Овертонның өзі бұл Овертон терезесінің өзгеруіне әкелетін қоғамдық пікірдің өзгеруі деп санайды. Мысалы, 1920 жылға дейін АҚШ-та алкогольді шамадан тыс тұтыну неге әкелетінін байқаған адамдар оған толық тыйым салу қоғамды жақсартады деген пікірге келген. Нәтижесінде 1920 жылы елде «Құрғақ заң» қабылданды. Алайда, ондаған жылдар өткен соң халықтың пікірі өзгерді: адамдар заңды қатаңдатудың салдарынан алкоголь стандарттарды сақтамай, жасырын түрде өндіріле бастағанын көрді, бұл маскүнемдікке ғана емес, сонымен қатар заңсыз әзірленгн алкоголь ішкендер арасында ауыр улану жағдайларына әкелді. Нәтижесінде, 1933 жылы АҚШ-тағы «құрғақ заң» жойылды, содан бері елде алкогольге толық тыйым салу қолайсыз болып саналады.
Кез келген, тіпті ең ақылсыз идеяны көпшілікке сіңдіру тәсілі ретінде түсіндірілген Овертон терезесі тұжырымдамасын Джозеф Овертонның өзі емес, жазушы және журналист Гленн Бек ойлап тапқан. Ол оны «Овертон терезесі» деп аталатын көркем кітабында сипаттаған. Сюжет бойынша, бұл саяси әдіс ядролық соғысты бастау үшін қолданылады. Кітап бестселлерге айналып, қастандық теориялары әлеміне өзіндік «бағыттаушы» болды, онда сипатталған Овертон терезесінің бұрмаланған тұжырымдамасы Джозеф Овертонның өзіндік идеясын алмастырды.
COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинацияға келетін болсақ, оны жүзеге асыру үшін қандай да бір құпия саяси механизмдерді қолданудың қажеті жоқ. Өйткені, ауқымды егу науқандары тарихта сирек болмаған. Мысалы, табиғи шешекке қарсы жаппай вакцинация ауруды толығымен жоюға мүмкіндік берді, ал полиомиелитке қарсы міндетті вакцинация ауру жұқтыру санын 90%-дан астам азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша, адамдар вакциналар аурудан қорғайтынын және өмірді сақтайтынын түсінді, сондықтан вакцинация идеясында әуелден қисынсыз және радикалды ештеңе болған емес.
Сонымен қатар COVID-19 қарсы вакциналар барлық қажетті зертханалық және клиникалық сынақтардан өтті, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі расталды.
Демек, жаппай вакцинация – бұл ол қитұрқы саяси әдістерді қолдана отырып, көпшіліктің санасына сіңірілген қауіпті және радикалды идея екені туралы теория – фейк. Біріншіден, Қазнетте сипатталған Овертон терезесінің тұжырымдамасы бұрмаланған, оны Овертонның өзі емес, жазушы Гленн Бек ойлап тапқан. Екіншіден, жаппай егу науқандарының тарихи тәжірибесі вакцинация өмірді сақтап, өлімге әкелуі ықтимал аурулардан қорғауға көмектесетінін дәлелдейді.