Медициналық фейктер

Сауналар мен ыстық ванналар коронавирустан қорғамайды

Желіде саунаға бару және ыстық ваннаға түсу COVID-19-дан қорғай алады деген миф тарауда. Мұны пандемия кезінде сатылым көлемін арттыру мақсатында сауна өндірушілердің өзі ойдан шығаруы әбден мүмкін.

Шын мәнінде, ыстық ванналар, моншаға және саунаға бару КВИ жұқтыру ықтималдығына мүлдем әсер етпейді. Бұл туралы ДДСҰ ресми сайтында жазылған.

– Қалыпты дене температурасы ваннадағы немесе душтағы судың температурасына қарамастан 36,5°C-тан 37°C-қа дейінгі аралықта болады. Керісінше, тым ыстық ваннаға түсу зиян келтіруі және күйіп қалуыңыз мүмкін», – делінген интернет-платформада.

Айта кетейік, пандемия кезінде монша мен саунаға бару көп адаммен қарым-қатынаста болатыныңызға байланысты вирусты жұқтыру ықтималдығын едәуір арттырады.

Сондай-ақ, ванналар мен сауналар гепатит, анемия немесе эпилепсиямен ауыратын адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін, өйткені жоғары температура аурудың өршуіне немесе ұстамаға әкеп соқтырады.

COVID-19 жұқтыру қаупін азайту үшін мамандар адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға, бетперде тағуды, қолды жиі жуып, санитайзерлер қолдануды ұсынады.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button