Fake News

Фейк: «1 қыркүйекте пандемияның жаңа толқыны басталып, карантин жарияланады»

Telegram-да 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады. Бұл олай емес.

Бұл ақпаратты ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

 

«Бүгінде көріп отырғанымыздай, КВИ-мен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Нұр-Сұлтан қаласы «сары», қалған облыстар «жасыл» аймақта орналасқан. Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ», – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 

Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. COVID-19 пандемиясы туралы ресми ақпаратты coronavirus2020.kz сайтынан, сондай-ақ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналынан алуға болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button