Fake News

Назар аударыңыз: интернет-алаяқтар Қазпошта атынан алдауда

Алаяқтар қазақстандық ірі компаниялардың атауларын жиі қолданады. Осы күндері shock_krg Instagram-аккаунтында жазылушыдан келіп түскен хабарлама жарияланды. Ол өз басынан өткен оқиғаны айтып берген. Бұл жолы қылмыскерлер Қазпошта атынан әрекет еткен. Бұл алаяқтық схема ескі және баршаға мәлім.

Оқиға кейіпкері OLX онлайн-хабарландыру платформасында орамал сатпақ болған. Оған сатып алушы хабарласып, ауарды поштамен жіберуді өтінген. Ол төлем жасау үшін несие картасының деректерін, соның ішінде номері мен үш таңбалы код енгізілетін сілтемені жіберген. Осылайша, алаяқ сатушының банктік шотына қолжеткізетін еді. Назар аударыңыз! Бұл жолы алаяқтар Қазпошта атынан әрекет етті. Жіберліген сілтемеде көрсетілген сайтта kazpochta сөзі болған. Ұйымның ресми сайты post.kz, онда Қазпошта күмәнді сілтемелер ашып, дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеу керектігі туралы ресми түрде ескертеді.

– Біз осындай схема бойынша жүзеге асырылатын алаяқтық әрекеттерді әлі де анықтап жатырмыз. Сатып алушы өз тауарларын интернет арқылы сатпақ болған сатушыға төлем жасау үшін https://post.kz.obyiva.com, https://kzpochta.youroplata.online және т.б. сайттарға сілтемелер жібереді. Осы сілтемеде оларға картаның деректемелерін толтыру және оны іске қосу ұсынылады, деректер расталғаннан кейін ақша автоматты түрде сатушының шотынан алынады. Қазпоштаның аталған сайттарға еш қатысы жоқ екендігіне назарларыңызды аударамыз және тауарды онлайн сату-сатып алу кезінде мұқият болуларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады «Қазпошта» АҚ PR-қызметі.

KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі интернет-қауіпсіздік ережелерін еске салады. Тексерілмеген дереккөздердегі сілтемелер бойынша өтпеңіз, күдікті файлдарды жүктемеңіз. Сайтқа кірген кезде мекен жай жолын мұқият оқып шығыңыз. Сайттың мекен жайындағы танымал компания атауының дұрыс емес, бірақ өте ұқсас емлесіне назар аударыңыз. Үшінші тұлғаларға құжаттарыңыздың көшірмелерін немесе банк карталарының фотосуреттерін жібермеңіз. Картаның артқы жағындағы үш таңбалы CVV/CVC кодын және банктен келетін sms кодтарды ешкімге айтпаңыз.
 

Фейктерді әшкерелеу – біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button