Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцинациядан репродуктивті органдар ауруы 700%-ға артты»

Қазнетте тараған ақпаратқа сәйкес, COVID-19-ға қарсы вакциналар енгізілген сәттен бастап репродуктивті органдардың аурулары 700%-ға артқан. Сонымен қатар қатерлі ісікке шалдыққандар саны ұлғайып, түсік түсіру және туа біткен генетикалық аурулар көбейген екен. Бұл өтірік.

Жалған ақпаратты неміс блогері, антифеминист және антиваксер Майкл Кляйн таратқан. Ол өзінің ScienceFiles сайтында адамдарға жиі жалған ақпарат ұсынады, соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға қатысты.

COVID-19 қарсы егуден кейінгі жанама әсерлер туралы мақаласында ол ДДҰ-ның VigiAccess веб-қосымшасының дерекқорына сүйенеді. Мұнда кез келген адам дәрілік заттар мен вакциналарға анықталған жағымсыз реакциялар туралы ақпарат ала алады. Сайтты жасаушылар бұл деректер талдауға арналмағанын және оны осы мақсатта пайдалануға болмайтынын ескертеді.

Бұған қарамастан, Майкл Кляйн өз қорытындыларын жасап, COVID-19 қарсы вакцинациядан кейінгі жанама әсерлердің шамадан тыс пайызын көрсеткен.

Бұл жалған ақпарат австриялық AUF1 телеарнасында шықты. Арна мифтер мен әлемдік қастандықтарды таратушы ретінде белгілі. Австриялық БАҚ басқармасы тексерілмеген ақпаратты таратқаны үшін AUF1-ге қарсы бірнеше рет іс қозғады. Желіде жалған жаңалықтар мен нацистік ұрандарды тікелей эфирде таратуына байланысты телекомпанияны жабуды талап ететін петиция да жарияланды.

COVID-19 қарсы вакциналар ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығына теріс әсер етеді, қатерлі ісік пен гендік бұзылулардың көбеюіне әкеледі деген жалған ақпарат интернетте бірнеше рет тараған. Бірақ олардың бәрінің де ғылыми негізі жоқ.

Біздің сайт коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығына қауіпті, онкологиялық аурулар санын арттырады деген қауесеттерді жоққа шығарды.

Майкл Кляйнге сенбеген жөн, ол ешқандай дәлел келтірмейді және оның талаптары тек жеке гипотезаларға ғана негізделген.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button