Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналар репродуктивті денсаулыққа зиян тигізеді»

Telegram чаттарын пайдаланушылар доктор Наоми Вулфтың сөзімен бөлісуде. Оның айтуынша, вакцинацияланған аналардан туған ұлдардың жыныс мүшелері құрсақта бұзылады екен. Бұл дәлелсіз.


Айта кетейік, доктор Наоми Вульф дәрігер емес және оның медициналық білімі жоқ. Ол ағылшын әдебиетінен диссертация қорғап, «доктор» атағын алды. Ол COVID-19 пандемиясы және ауруға қарсы вакцинация туралы жалған ақпарат таратуымен белгілі. Оның мәлімдемелерін фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.
Яғни, Вулфтың сөзіне сенуге болмайды.
COVID-19 қарсы вакциналардың ерлердің жыныс мүшелеріне әсері туралы теориялар негізсіз және ресми ғылыми дәлелдерге қайшы келеді. Жаппай зерттеулердің жарияланған нәтижелері репродуктивті денсаулық тұрғысынан вакцинацияланған ер адамдардың COVID-19 қарсы вакцинациядан өтпегендерден еш айырмашылығы жоқ екенін көрсетті. Вакциналар ерлердің жыныс мүшелерін бұзады деген теорияны америклық орындаушы Никки Минаж тарата бастаған. Оның сөздері жоққа шығарылған болатын. 
Дегенмен, теорияның өзі ұмытылмай, біршама өзгертіліп, Желіде таралды. Пайдаланушылар екпе салдырған ер адамдардың аталық бездері ісініп, белсіздік дамиды деп жазды. 
Шындығында, ғылыми әдебиеттерде мұндай жағдай сипатталмаған, демек, бұл тұжырымдар толығымен негізсіз.
Қорыта айтқанда, медициналық білімі жоқ белгілі конспиролог бұрын теріске шығарылған фейктерге негізделген қауесеттерді таратады. Мұндай мәлімдемелерге сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button