Онлайн-алаяқтар «Қазпоштаның» атын жамылып қазақстандықтардың деректерін ұрлауда
Киберқылмыскерлер пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлайды. Олар қазақстандықтарға QazPost атынан SMS-хабарламалар жібереді. Онда пошта пакеті қоймаға желкізілгені, бірақ мекен жайы дұрыс жазылмаған делінген. Оны хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, нақтылау қажет екен. Алайда, сілтемені ашпаған жөн.
Алаяқтықтың бұл түрі туралы QazPost Instagram-дағы ресми парақшасында ескерткен.
«Құрметті клиенттер, белгілі сайттан тауар сатып алып, банк картасының деректемелерін енгізуге сілтеме жіберетін алаяқтардың оқиғалары жиілеп кетті.
– Ешқашан ешкімге банк картасының нөмірі мен CVV кодын айтпаңыз. Егер сіз дегенмен белгісіз сайтта төлем жасауды шешсеңіз, онда шешіміңіз үшін толық жауапкершілік өзіңізде болатынын есте сақтаңыз.
– Егер сізге ресми атауы болуы мүмкін күдікті сайттарға кіру ұсынылса, сақ болыңыз, бұл айна сайттары. Олардың мақсаты – сіздің жеке деректеріңізді алу, тауарларды немесе жеткізілімді төлеу.
– Егер сәлемде күтіп отырсаңыз, жеткізу күйін тек біздің post.kz ресми сайтында немесе мобильді қосымшада тексеруге кеңес береміз.
– Қазпоштадан хабарламалар тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жіберіледі», – делінген хабарламада.
Қандай да бір мәліметтерді енгізуді сұраған осындай сілтемелердің таралуы – әлеуметтік инженерияның бір түрі. Бұл онлайн-алаяқтық, бұл ретте олар адамдардың жеке деректерін иемденеді: жеке аккаунттарының логиндері мен парольдерін, банк карталары туралы ақпаратты, мобильді қосымшалардың кодтарын және т.б..
Алаяқтардың қармағына түсіп қалмас үшін, мұқият болыңыздар және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер.