Алаяқтық

Алаяқтар әлеуметтік желілерде «жаңа платформаны» жарнамалап, инвестициядан мол табыс табуға шақырады

Әлеуметтік желілерде тез ақша табуға шақыратын жарнамалар таралды. Олардың бірінде «Үкіметтің қолдауымен жаңа платформа» іске қосылатыны туралы айтылған. Ббарша қазақстандықтар апта сайын 180 мың теңгеден алатынына кепілдік берілген. Тағы бір хабарландыруда инвестициядан ай сайын кіріс түсетіні жазылған. Екі хабарламада да иллюстрация ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті пайдаланылған. Бұл алаяқтық.

Ақорданың ресми сайтында «жаңа платформа» құру туралы немесе апта сайын 180 мың теңгеден төлемдер жасау туралы хабарландырулар жоқ.
Президенттің Twitter-дегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тұрақты төлемдер жайлы ақпарат жоқ.
Ірі ресми БАҚ-та да платформа туралы айтылмаған.
«ҚазМұнайГаз» атынан инвестициялардан түсетін кіріс алу туралы тағы бір хабарландыруды алаяқтар жариялаған. Онда көрсетілген сілтеменің компанияға ешқандай қатысы жоқ үшінші тараптың сайтына апарады.
Мұндай алаяқтық схемалары туралы ескерту «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылған.

«ҚазМұнайГаз ресми түрде www.kmg.kz бір ғана ресми сайты бар екенін мәлімдейді. ҚазМұнайГаз атынан жұмыс істеп тұрған басқа сайттардың барлығы алаяқтардың ісі. Қазақстандықтар мен резидент емес тұлғалардан сақ болып, тек ресми дереккөздерге ғана сенулерін сұраймыз. Халықаралық алаяқтар жоғары пассивті табыс табу туралы ақпаратпен жаппай интернет-жарнама таратуда.
Сенімділікті арттыру үшін бұл жалған сайттар танымал адамдардың есімдерін атайды: ҚР Президентін, ұлттық компаниялар мен қаржы ұйымдарының басшыларын, қоғамдық пікір көшбасшыларын. Алаяқтар ҚазМұнайГаздың баршаға қолжетімді ресми бейнероликтерінен алынған кадрларды пайдаланып, түпнұсқа аудиоларды ауыстырады. Нәтижесінде адамдарға компания атауы аталған фейк видео көрсетіледі», – делінген компанияның ресми хабарламасында.

 

Алаяқтар «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның аты мен беделін бұған дейін де өз мақсаттарында пайдаланған. Біз осындай жарнамалық хабарламалар туралы жазған болатынбыз.
Осылайша, жарнамаларда төлемдер жасап, ұтыстар ұсына отырып, интернет-алаяқтар адамдарды алдап, интернет-банкингтің логиндері мен парольдерін, жеке шоттарға кіру кодтары мен басқа да жеке ақпаратты иемденеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button