Фейк: «Моңғолияның қоғамдық жұмыстар министрі халыққа уәде етілген баспананы сала алмағаны үшін өзін-өзі өртеп жіберді»
WhatsApp-та баспасөз конференциясы барысында қатысушылардың бірі өзін-өзі өртеп жібергені көрсетілген врдео таралуда. Онда, бұл халыққа 100 000 жаңа үй салу туралы уәдесін орындай алмаған Моңғолияның қоғамдық жұмыстар министрі, деп жазылған. Бұл өтірік.
Таратылған видео Моңғолияда 2015 жылғы қараша айында түсірілген. Алайда, видеода өз кінәсін өтеуге тырысқан министр емес, «Эрдэнэс Таван-Толгой» көмір өндіру компаниясы кәсіподағының басшысы. Ол кәсіпорындарын жекеменшік MCS корпорациясына беру туралы шешіммен келіспейтінін білдіру үшін осындай қадамға барған.
От қоймай тұрып, ол былай деді: «Моңғолия үкіметі біздің компаниямызды қолдамайды, жұмысшылардың отбасылары аштыққа ұшырады, сондықтан мен балаларым мен Моңғолия халқы үшін өзімді өртеймін».
Қатысушылардың күш-жігерінің арқасында өрт сөндірілді, бірақ белсенді қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Таратылған ролик нақты болған оқиғаның жазбасы болса да, Моңғолияның қоғамдық жұмыстар министріне және тұрғын үй салу туралы уәделерге ешқандай қатысы жоқ.