Fake News

Қазақстан УҚК әскеріне есептен шығарылған әскери ұшақтарды сатқан – фейк

Әлеуметтік желілер мен интернет-сайттарда атын айтқысы келмеген бір бай адам УҚК қосалқы бөлшектер ретінде сату үшін Қазақстанда есептен шығарылған әскери ұшақтарды сатып алғаны туралы хабарланды. Сондай-ақ, хабарламада 2023 жылдың қазан айында Қазақстан 117 тіркелген кеңестік жойғыш ұшақтар мен бомбалаушыларды сауда-саттыққа шығарғаны атап өтілген. Бұл фейк.

Бұл ақпаратты Қарулы Күштерді, басқа әскерлерді және жауынгерлік құралымдарды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметімен құрылған және қару-жарақ пен әскери техника, сонымен қатар әскери мүлік импорты мен экспорты бағыттарында жұмыс істейтін «Қазарнаулыэкспорт» кәсіпорны жоққа шығарды.

«Интернетте тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Кәсіпорын міндетті жою шарттарымен авиациялық техниканы өткізу бойынша барлық сауда-саттықты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті орган берген тиісті лицензиялары бар заңды тұлғалар арасында өткізді. Сауда-саттыққа шетелдік компаниялар жіберілген жоқ.

Кәдеге жарату процесін баланс ұстаушылар толығымен бақылайды.

Жасалған келісімшарттардың талаптарына сәйкес барлық ұшақтар, тораптар мен агрегаттар баланс ұстаушылардың аумағында кесу (шабу, ұсақтау) әдісімен және олардың бастапқы қалпына келтіруге болмайтын басқа да әдістермен кәдеге жаратылады және аумақтан түсті метал сынықтары түрінде ғана шығарылады», – делінген «Қазарнаулыэкспорт» сайтындағы ресми хабарламада.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button