Fake News

Фейк: «Хопкинс Университетінің болжамынша, 2025 жылы SPARS пандемиясы басталады»

Telegram мессенджерінде 2025 жылғы 17 қазандағы газеттің скриншоты шықты. Онда белгісіз аурудың өршуі талқыланған. Хабарламада Джонс Хопкинс университеті жаңа пандемия болады деп болжап отыр делінген. Бұл фейк.

Жалған хабарламаны таратушы – Астрид Штукельбергер. Ол қартаю мәселелерін зерттеумен айналысады. Штукельбергер біраз уақыт Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында келісімшарт бойынша кеңесші болып жұмыс істеген. COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін Штукельбергер вакцинация туралы фейк ақпарат тарата бастады. Оны сенімді ақпарат көзі деп санауға болмайды.

Хабарламада қолданылған скриншот Джонс Хопкинс денсаулық қауіпсіздігі орталығының 2017 жылғы жарияланымынан алынған. Баяндама «SPARS пандемиясы 2025-2028» деп аталды. Бірақ бұл жаңа аурудың өршуінің болжамы емес. Есеп әр түрлі елдердің денсаулық сақтау жүйелеріне арналған ықтимал сценарий болып табылады. Онда пандемия кезінде туындауы мүмкін әртүрлі мәселелер және оларға қалай ден қою керектігі сипатталған.

Мұндай сценарийлер әртүрлі қызмет түрлерінде жиі қолданылады. Мысалы, геологияда немесе өрт сөндіруде. Бұл әрқашан қолайсыз жағдайларға дайын болу үшін қажет.

Хопкинс университеті 2025 жылы жаңа SPARS пандемиясы болады деп болжаған жоқ. Бұл денсаулық сақтау мамандарына инфекцияның барлық ықтимал қауіптерін пысықтауға көмектесетін гипотетикалық сценарий.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button