Fake News

Дәлелсіз: «Кинотеатрларда арнайы эффект ретінде от қолданылады»

Танымал Telegram чаттарда қытайлық 5D кинотеатрларында арнайы эффект ретінде от қолданылады деп жазылды. Тағы бір болжам бойынша, өрт – бұл халықты алдауға және құлдыққа түсіруге арналған «Көк сәуле» технологиясымен жасалған проекция. Бұл екеуі де шындыққа жанаспайды.

Таралған видеороликте театрға ұқсас бөлмеде алдымен перде, содан кейін төбе жанып, біртіндеп оттың басылғаны көрсетілген. Ал залда отырған көрермендер ешқайды қашпай, сабырлық сақтап, болып жатқан жайтты камераға түсіреді.

Бұл роликтің түпнұсқасы 2023 жылдың 13 қазанында YouTube платформасында шыққан.  Видеоның қай елде түсірілгені және нақты не болып жатқаны жазылмаған.

14 қазанда ролик Қытайдың әлеуметтік желілерінің бірінде жарияланды. Бұл жолы өрт жалған және визуалды эффект болып табылады делінген. 

15 қазанда бұл видео YouTube-те жарияланып, онда ролик Қытай кинотеатрларында түсірілген және өрт шын емес деп жазылды.

Көрермендердің тыныш отырғанына қарағанда, от – визуалды эффект деп ойлауға болады. Сондай-ақ видеода «өрт қою» сәті көрсетілгендіктен, келушілер ерекше әсер болатыны туралы алдын ала ескертілген секілді.

«Көк Сәуле» жобасы туралы теорияға келетін болсақ, бұл дәлелі жоқ конспирология. Теорияға сәйкес, NASA гипер-реалистік голограммаларды проекциялау жүйесін әзірледі және онымен Исаның келуін және өзгеғаламшарлықтардың басып кіруін модельдеуді жоспарлап отыр. Бұған ешқандай дәлел жоқ, ал теорияның өзі бір ғана конспирологтың сөзіне негізделген.

Демек, таралған видеода қастандық теорияларының ешқайсысын дәлелдемейтін шынайы визуалды эффект көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button