Алаяқтық

Фейк: «Қазақстан Президенті жаңа инвестициялық платформаның іске қосылғанын айтты»

Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қолдауымен жаңа инвестициялық платформасының іске қосылғанын мәлімдеген видео тарады. Ондаған азамат бірнеше айдың ішінде автомобильдер мен тұрғын үй сатып алған екен. Бұл фейк.

Алаяқтар видеода Мемлекет басшысының нақты сөйлеген сөзін жалған дауыспен дыбыстаған. Жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы Президенттің ресми сайтында жазылмаған.

Қылмыскерлер белгісіз сайтқа кіріп, өтінімді толтыруды ұсынады. Олай істеуге болмайды. Егер сайтқа өтсеңіз, алаяқтар жеке деректеріңізге қол жеткізеді және жинақтарыңызды иемденеді.

Бұған дейін біз ҚР Президентінің атынан тараған инвестициялық бағдарлама туралы осындай фейк хабарламаны жоққа шығарған болатынбыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button