Алаяқтық

Қазақстандықтарды белгілі блогердің атынан алдауда

Instagram-да белгілі вайнер Тоқтарбек Серғазы қазақстандықтарды белгілі бір топқа кіріп, «ақша табуға» шақырған видео тарады. Бұл өтірік.


Бұл жарнамаға сенбеңіздер деп Тоқтарбек Серғазының өзі Instagram парақшасында жазды.

– Менің қатысуыммен фейк аккаунттарда ұсынылған кез келген ақпарат – алаяқтардың ісі. Шынайы ақпарат, белгісі бар осы парақшада ғана (@sekavines) – деп жазған ол Қазнетте таратылып жатқан видеоны тіркеген.

Алаяқтар роликті жасау үшін дипфейк технологиясын қолданылған сияқты. Ол жоқ адамның шынайы видео портретін «жасауға» да, бір адамның видеода бір адамды басқамен алмастыруға да мүмкіндік береді. Желіде бұған келтіруге болатын мысалдар көп. Мысалы, Dior-дың парфюмерлік жарнамасында Шарлиз Теронның орнына Роуэн Акинсон шығады, ал «Терминатор» фильмінде басты рөлді Арнольд Шварценеггер емес, Сильвестр Сталлоне ойнайды.

Яғни, оңай ақша табу үшін күмәнді топтарға қосылуға шақыруларға сенуге болмайды. Мұндай жарнамалар көбінесе алаяқтық сипатқа ие. Қазіргі кезде таратылып жатқан видео белгілі тұлғаның бет-әлпетін қолдана отырып қолдан жасалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button