Алаяқтық

Алаяқтар Рамазан айында ірі супермаркеттер желісінен сыйлықтар табыстауда

WhatsApp-та кибералаяқтар тағы да әрекет етуде. Бұл жолы олар SMALL супермаркеттер желісі атынан ақшалай сыйлықтар таратуда. Мұның бәрі өтірік.

Хабарламаға тіркелген ұтыс ойынына шақыратын сілтеме супермаркеттер желісінің ресми сайтына емес, үшінші тарап ресурсына апарады. Онда адамдарға сауалнамадан өтіп, “Рамазан айына” орай сыйлықтар алу ұсынылады.
Шын мәнінде, SMALL-дың бұл сайтқа және сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы супермаркеттер желісінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазылған.

«Назараударуыңыздар — желіде Рамазан айына орай 100 000 теңге ұсынатын алаяқтық сайт пайда болды. Барлық акциялар мен жаңалықтар туралы small.kz ресми сайтында және әлеуметтік желілерде ғана хабарланады. Қырағы және мұқият болыңыздар, алаяқтардың айла-амалдарына түспеңіздер”, – делінген хабарламада. 

Мұндай сауалнамалар- алаяқтардың ісі. Осылайша, олар пайдаланушылардың деректерін жинайды, олардың төлем карталары туралы ақпаратты, жеке аккаунтардың, электрондық пошта мен басқа ресурстардың логиндері мен парольдерін иемденеді.
Біз бұған дейін осы алаяқтық схема туралы және киберқылмыскерлердің айла-амалдарына түсіп қалмаудың жолдары туралы толығырақ жазған болатынбыз.

Құны миллион теңгелік сұрақ: алаяқтар жалған ұтыс ойындары мен сауалнамалардан қалай ақша табады

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button