Алаяқтық

Қазақстандықтарды танымал тұлғалар қатысқан фейк жобаға тартуда

Қазнетте алаяқтардың жобасының жарнамасы тағы да таралуда. Kaspi Profit атты фейк компанияның атынан қазақстандықтарға рекордтық мөлшерде дивиденд төленеді екен. Бұл алаяқтардың ісі.

Сенімдірек болуы үшін киберқылмыскерлер видеода Михаил Ломтадзенің сұхбатынан алынған үзіндіні пайдаланған. Kaspi.kz басшысының дауысы жалған.

Kaspi Profit туралы ақпарат – фейк және оның Kaspi.kz пен Михаил Ломтадзеге мүлдем қатысы жоқ. Қылмыскерлердің мақсаты – адамдарды оңай әрі жылдам табыс табуға тартып, ақшасын иемдену.

Алаяқтар өздерінің беделін арттыру үшін банк логотипін пайдаланған. Құпия деректеріңізді үшінші тарап ресурстарында қалдырмаңыз. Күмәнді сауалнамаларды толтырмаңыз және ақша аудармаңыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button