Алаяқтық

WhatsApp-та Google-дегі жалған жұмыс туралы хабарландырулар тарады

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтарға Google-да жұмыс істеуге іріктелгендері туралы хабарламалар келіп түсуде. Келісімді растау және бос орынға орналасу үшін хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы өту қажет. Мұның бәрі өтірік.

Google – қазіргі замандағы ең ірі және беделлі компаниялардың бірі. Онда жұмыс істеген үлкен мәртебе. Компания өз қызметкерлеріне икемді жұмыс уақытын, қолайлы жағдайлар, жайлы кеңселер және басқаларын ұсынады, мұндай басқа компанияларда жоқ.  Google-дың компанияға тиесілі емес WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы мыңдаған адамды жұмыстқа тартпайтыны түсінікті.

Жұмыс іздеушілер компанияға түйіндемені өздері жіберуі керек. Мұны қалай жасап, Google қызметкері болу үшін қандай кезеңдерден өту керек екендігі ресми сайтта егжей-тегжейлі жазылған. 

Демек, WhatsApp-та таралған хабарламаның Google-ге ешқандай қатысы жоқ. Оны авторлар пайдаланушыларды алдау үшін жасаған.

Мұндай хабарламаларға сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button