Фейк: «Желіде химтрейлдер шашуға лицензиясы бар ұшақтың видеосы тарады»
Қазнетте сатылымға шығарылған ұшақ көрсетілген бейнеролик тарады. Оның корпусында әуе кемесі қалалар мен ауылдарға қауіпті химикаттар – химтрейлдер шашуға лицензиясы бар жапсырмасы бар. Бұл нені білдіреді? Анықтайық.
Елді мекендерге қауіпті химикаттар шашатын ұшақтар болатыны туралы теория 1990 жылдары шыққан. Оны жақтаушылар ауаға химикаттар шашу арқылы ауа райын бақылауға, коллапс пен дауылға әкеп соғатындай қатты жаңбыр, қалың қардың түсуіне әсер етуге болады. Кейіннен теория өрбіп, бүгінде оны жақтаушылар ұшақтар шашатын химикаттардың көмегімен билік адамдардың санасын басқарады және оларға ауру жұқтырады деп сенеді.
Теорияның шыққанына шамамен отыз жыл болғанымен оған ешқандай дәлел жоқ. Қастандық теорияларының «өмір сүру ұзақтығын» зерттеген ғалым Дэвид Роберт Граймстің айтуынша, ең құпия жобалардың өзі отыз жыл бойы ғана сақталады. Егер жоба туралы ондаған адам, оның ішінде үкімет мүшелері, ғалымдар, ұшқыштар және ұшақтардан улы химикаттар шашқаны үшін ақы төленетін азаматтар білсе, қастандық тез ашылатын еді. Математикалық тұрғыдан алғанда, химтрейлдер туралы қастандық теориясының нақты болу ықтималдығы нөлге тең. Ол туралы Желідегі барлық пайымдаулар мен куәгерлердің «дәлелдері» – бұл пайдаланушылардың қиялының жемісі.
Видеода көрсетілген ұшаққа келетін болсақ, ол көлемді заттар тасымалдау үшін өте кішкентай. Әуе кемесінің кабинасында ұшқышқа ғана орын бар, ал азды-көпті багаж сыятын бөлме ұшақта жоқ. Бұл онымен заттар шашады дегенге күмән тудырады.
Корпустағы жапсырма да күдікті. Ол жай принтерде басып шығарылып, кәдімгі жабысқақ таспамен желімделген сияқты. Өте жоғары жылдамдықпен ұшып, жоғары ылғалдылыққа, қатты желге және тікелей күн сәулесіне ұшыраған ұшақтың корпусында мұндай жапсырма ұзақ тұрмас еді. Демек, жазуы бар қағаз видео үшін әдейі жапсырған.
Яғни таралған видеоға сенбеген жөн. Біріншіден, кадрларда сәйкессіздіктер көп, екіншіден, химтрейлер – бұл ешқандай дәлелі жоқ қастандық теориясы.