Fake News

Фейк: «5G технологиясы қатерлі ісік ауруын тудырады»

Telegram арналарының бірінде 5G технологиясы ісіктер, неврологиялық проблемалар тудырады, иммундық және репродуктивті жүйеге зиян келтіреді деген видео тарады. Хабарламаға сәйкес, «ұялы байланыс бағаналары аймағында қатерлі ісік ауруы қалыпты деңгейден шамамен 3-4 есе жоғары» делінген. Бұл рас па? Анықтайық.

Видео Калифорния Ми ісіктері қауымдастығы өкілінің атынан шыққан. Бұл 2009 жылы құрылған жеке меншік ұйым. Қауымдастық мүшелері ұялы телефондар қатерлі ісік ауруын тудырады деп мәлімдеген. Алайда, мұны жоққа шығаратын зерттеулер көп.
2022 жылы Journal of the National Cancer институтында Ұлыбританияның миллион тұрғыны қатысқан эксперименттің нәтижелері жарияланды. 
Ғалымдар радиожиілік сәулеленуінің әсерін зерттеді. Қорытындысы анық: ұялы телефонды пайдалану мен ми ісігінің арасында байланыс жоқ.
5G желісі пайда болғаннан кейін калифорниялық қауымдастық оған да белсенді қарсылық таныта бастады. Одан басқасы да бар. 2019 жылдан бері 5G туралы қастандық теориясы пайда болды. Оны жақтаушылар технология адамдарды өлтіру үшін әдейі жасалған деп мәлімдеді.
5G – кең жолақты ұялы желілер үшін қолданылатын ең жаңа технологиялық стандарт. Ұялы байланыстың бесінші буыны жоқ жерден пайда болған жоқ, ол 3G мен 4G алмастырады. 5G ерекшелігі – жоғары жүктеу жылдамдығы, деректерді жіберуге аз уақыт жұмсалады және әлем бойынша пайдаланушыларды барынша көп қосу мүмкіндігі. Толқындар мен жиіліктер де бұрынғы, Massive MIMO және Beam Forming технологиялары қолданылады.
Австралияның онкологиялық кеңесінің порталында 5G технологиясы ұялы телефондар мен базалық станциялар арасындағы байланыс үшін қолданылатындығы жазылған. Бұл – радиожиілік электромагниттік энергия. Ол ДНҚ-ға зақым келтірмейтін иондаушы емес сәулеленудің бір түрі.
Жаңа буындағы желілер адам денсаулығына кері әсер ететініне ешқандай дәлел жоқ, делінген ДДҰ сайтында.
Еуропарламент комиссиясы 2021 жылы 5G технологиясы адамдар үшін қауіпсіз деп мәлімдеді.
2023 жылдың наурыз айында 5G Қазақстанда енгізіле бастады. Алғашқы базалық станциялар Алматы мен Шымкентте орнатылды.
5G пайдаланылған кезеңде ғалымдар зерттеу жүргізуді тоқтатқан жоқ. Бүгінгі таңда беделді дереккөздердердің ешқайсысында жаңа технология денсаулыққа қауіпті деп хабарланған жоқ. Демек, Telegram арнасындағы жарияланым – фейк.
Технологиялық прогресті көбінесе қарапайым адамдар ғана емес, ғалымдар да жақтырмайды. Мәселен, XIX ғасырда теміржол желісінің дамуы. 1837 жылы Бавария корольдік медициналық кеңесі «теміржол құрылысы халықтың денсаулығына зиян тигізеді» деп санаған. Сол кездегі ғалымдардың пікірінше, жылдам қозғалыстан жолаушыларда ми ауруына әкеп соғады. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button