Манипуляция

Фейк: «Коронавирус сөзі латын тілінен аударғанда «жүрек ұстамасы вирусы» дегенді білдіреді»

Қазнетте тараған бейнеролик авторы онлайн аудармашы «коронавирус» сөзі латын тіліне «жүрек ұстамасы вирусы» деп аударатынын айтады. Бұл олай емес.

Бұл видеодағы назар аударарлық жайт «коронавирус» сөзінің қалай жазылатыны. Автор оны ағылшын тілінде әдейі бұрмалап, «cor ona virus» деп үшке бөліп, тереді. Әдейі қате жазылған сөзді онлайн бағдарламалар арқылы аударғанда оның нәтижесі де бұрыс болады. Бұған дейін LeadStories порталының фактчекерлері осындай манипуляциялар туралы жазған болатын.
«Коронавирус» терминінің «жүрек» сөзіне ешқандай қатысы жоқ. Бұл термин 1968 жылы осы топтағы алғашқы ауру табылған кезде пайда болды. Ол күн тәжіне ұқсайтын бетіне шығып тұратын тікенектерге байланысты осылай аталды.
Қолданушылар «коронавирус» немесе «COVID-19» сөздерінің мағынасын бұған дейін де бұрмалаған болатын. Біз мұндай фейктерді жоққа шығардық.

 

Фейк: «COVID термині «жануарларды нөмірлеу» дегенді білдіреді»

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button