Пікірлер
Алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат – фейк
Қазнет пайдаланушылары алаяқтықтың жаңа түрі туралы аудио хабарлама таратуда. Оған шотқа қойылған шектеулер туралы банк хабарламасының скрині тіркелген. Хабарламаны алушы «Шектеу туралы толығырақ» батырмасын басса, ақшасы алынады екен.
Kaspi.kz баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат – фейк.
«Бұл өтірік. «Шектеу туралы толығырақ» батырмасын басқаннан кейін ақша алынбайды. Шотқа қойылған шектеулер туралы толық ақпарат көрсетіледі. Бұл (таралған скринде – ред.) – сот орындаушысынан келген ақпарат. Клиенттерімізден ақпарат алған кезде мұқият болуын және мессенджерлердегі фейк ақпараттарға сенбеуін сұраймыз», – делінген Kaspi.kz баспасөз қызметінің хабарламасында.