Фейк: «Астанада ерекше белгілері бар COVID-19 жұқтыру жағдайлары тіркелуде»
WhatsApp-та Астанада COVID-19 таралуының жаңа жағдайлары тіркеліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Аурудың белгілері – ірің бөлінетін жөтел және қатты диарея. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы және барлық өңірлер «жасыл аймақта» тұр. Барлық шектеу шаралары жойылды.
«Біз COVID-19 коронавирустық инфекциясы жойылмағанын түсінуіміз керек, вирус таралуын жалғастыруда, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, алдағы уақытта халықтың аурушаңдығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады. Елімізде сырқаттың ауыр емес түрлеріне диагноз қойылады, негізінен жоғарғы тыныс жолдарының респираторлық вирустық инфекциясы ретінде жұтылу кезінде тамақ ауруы, мұрын бітелуі, сирек жөтел түрінде жүреді. Айта кету керек, ірің бөлінетін жөтел жаңа коронавирустық инфекцияға тән емес. Әдетте жөтел құрғақ, өнімділігі төмен. Аурудың жеңіл ағымына байланысты халық сирек медициналық көмекке жүгінеді», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Қорыта айтқанда, жөтел және диарея белгілері бар КВИ ошағы Астанада тіркелген жоқ. Демек, таралған ақпарат жалған.