Пікірлер
ҚР Қорғаныс министрлігі Арменияға қару-жарақ жеткізу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желілерде және интернет-сайттарда Қазақстанның Арменияға әскери техниканы жеткізгені туралы ақпараттар тарады. Бұл ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі теріске шығарды.
«Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақты жеткізу туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған. Осыған байланысты, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай қауесеттерге ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.