Алаяқтық

Алаяқтар ҚР Қаржы министрлігінің фейк сайтының сілтемесін таратуда

WhatsApp-та жаңа қаулы туралы хабарлама таратылуда. Онда Қазақстан азаматтарына 100 мың теңгеден бастап төлемдер төленетіні туралы жазылған. «Есептеулерді тексеру» үшін пайдаланушыларға ҚР Қаржы министрлігінің жалған сайтына апаратын сілтеме арқылы өту ұсынылады.

Бұл ақпарат – алаяқтардың ісі. Әрбір қазақстандыққа төленетін төлемдер жайлы жаңа қаулы туралы хабарлама фейк болып табылады. Ресми дереккөздерде және БАҚ-та мұндай ақпарат жоқ.
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі таралған ақпаратты жоққа шығарды. Хабарламада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды, ал тіркелген сілтеме ҚР Қаржы министрлігінің атынан ашылған жалған сайтқа апарады. Ведомство өкілдері барлық ресми ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми порталында орналастырылатынын атап өтті.
Естеріңізге салайық, ақшаңыздан айырылып қалмау және киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіз және үшінші тарап ресурстарында жеке және банктік деректерді қалдырмаңыз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button