Алаяқтық

Алаяқтар қазақстандық блогердің атынан жылдам табыс табуды ұсынады

Facebook-те танымал қазақстандық блогер Серғазы Тоқтарбектің дауысымен дыбысталған жылдам табыс табу туралы видео тарады. Қауымдастық жаңа адамдар үшін 24 сағатқа ғана ашық болады, жүздеген адам пайда тауып үлгерген екен. Бұл фейк.

Видео КТК телеарнасының жаңалықтар шығарылымынан үзінді ретінде монтаждалған. Алаяқтар дыбысты эфирдің нақты жазбасына қойған. Іс жүзінде жүргізуші осы жылдың қаңтар айында Алматыда болған қайғылы оқиға туралы айтқан. 
Миллиондап ақша тапқан адамдардың сұхбаттары да қолдан жасалған. Бұл кадрлар КТК телеарнасының жаңалықтар сюжеттерінен алынған. Олар жалған дауыспен дыбысталған. Мысалы, Секаның оқырманы ретінде ұсынылған қыз, шын мәнінде, тұрғын үй кешенінің үлескері. Сюжет 2024 жылдың қаңтарында шыққан. Онда Қарағандыда заңсыз салынған тұрғын үй туралы айтылады. Ол қыз видеода 0:50 секундта көрсетіледі.
Серғазы Тоқтарбекті көбісі Сека есімімен біледі. Блогердің YouTube-те вайндар шығаратын авторлық арнасы және Instagram-да парақшасы бар.
Серғазы Тоқтарбек жылдам табыс табуға болатын платформаның ашылғаны туралы хабарлаған жоқ.
Былтыр алаяқтар интернетте пайдаланушылардың ақшасын иемдену үшін оның атын бірнеше рет қолданған. Ол кезде Сека жазылушыларынан тек өз аккаунттарында жариялаған ақпаратқа ғана сенуді сұраған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button