Видео

«Тірі» банандар – бұл зертханалық эксперимент емес, суретшінің еңбегі

Әлеуметтік желілерде тазартылған бананның қозғалғаны көрсетілген видеороликтер тарады. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл «Билл Гейтстің» зертханалық эксперименттерінің нәтижесі.

Бұл видеоның қайдан шыққанын тексеріп, оның Microsoft-тың негізін қалаушыға еш қатысы жоқ екенін анықтадық.
Бұл өзін құбыжықтарды жасаушы деп атайтын суретшінің еңбегі. Рассел Кэмерон – Нью-Йорк қаласындағы өздігінен білім алған америкалық мүсінші, ол өз жұмыстарын әлеуметтік желілердегі аккаунттарында ұсынады.
Ол жасаған барлық дерлік заттар қозғалады, жайылады, қарама-қайшы және кейде жағымсыз әсер қалдырады. Суретші тірі мүсіндердің кейбірін сатады. Қалғандарымен видео түсіреді. Оның TikTok-тағы аккаунтына миллионнан астам адам жазылған.
Рассел өз шығармашылығының құпиясын ашпаса да, бір видеода ол «тірі» бананның ішін көрсетті. Оның кесілген жерінен сымдар мен жемісті қозғалтатын механизмнің жасанды бөлшектері анық көрінеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button