Қазнетте ас сапасын қалай тексеруге болатыны туралы фейк видеолар топтамасы таралуда
Telegram-да табиғи асты жасандыдан ажырату бойынша эксперименттер жүргізу ұсынылған видео жарияланды. Бұл сынақтардың қаншалықты ақпарат беретінін түсіндірейік.
Алдымен ролиу Желіде 2014 жылы шыққанын және содан бері оны мамандар мен фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарғанын атап өткен жөн.
- Табиғи ірімшік ериді, ал синтетикалық ірімшік күйіп, қараяды.
Эксперимент аясында еріген ірімшіктің бөліктерін ашық отқа қояды. «химикаттары» бар бір тілімі – жанып, күйеді, ал «табиғи» екінші бөлігі – еріп, ағады. Бұл айырмашылықты түсіндіру оңай, мәселе химикаттарда емес. Бірінші, қарайған ірімшіктің құрамында екіншісіне қарағанда май әлдеқайда аз. Яғни, майсыз ірімшік қараяды, ал майы көп өнім ериді.
- Күріштің құнын арзандату үшін оған пластик қосады
Бұл Үндістанда шыққан және бүкіл әлемге тараған ескі фейк. Алайда, күрішке пластик қосатынына дәлелдер табылған жоқ. Оның үстіне, пластик бөлшектер оның құнын арзандатпайды, керісінше қымбаттауына әкеледі, өйткені бұл өнімнің өзі арзан. Сондай-ақ күріште пластик қосатын болса, оны пісірген кезде жағымсыз өткір иіс шығатынын атап өткен жөн. Ал «дайын» күйде ол түрі, дәмі, түсі мен иісі жағынан күріштің өзінен айтарлықтай ерекшеленетін еді.
- Балалар тағамындағы ұнтақталған тастар
Осы эксперимент аясында нәресте ботқасын пакетке салып, үстінен магнитпен жүргізеді. Нәтижесінде ботқадан қара элементтер бөлінеді, видеода бұл «ұнтақталған тастар» деп жазылған. Бұл фейк. Біріншіден, металл кеніне немесе магнетитке бай жыныстар болмаса, тастар магнитке тартылмайды. Екіншіден, балалар тағамына тас қосу мағынасыз. Бұл өнімнің салмағына, өндірісті жеңілдетуге немесе өзіндік құнына әсер етпейді.
- Синтетикалық биологиялық белсенді қоспалар жанады, ал табиғи қоспалар жанбайды.
Бұл экспериментте видео авторлары бірнеше түрлі таблеткалар мен капсулаларды пісірме табаққа салып, пешке қояды. Нәтижесінде кейбір биологиялық белсенді қоспалар ериді, кейбірі ерімейді. Деформацияланғандарды видео авторлары синтетикалық деп атайды. Бұл шын мәнінде өтірік. Біріншіден, ролик авторларының қандай таблеткаларды қолданғаны, қандай температурада және қанша уақыт «пісірілгені» туралы ақпарат жоқ. Екіншіден, дәл осындай экспериментті белгілі таблеткалармен диетолог және тамақ туралы How to cook that танымал TouTube арнасының негізін қалаушы Энн Риэрдон жасап көрді. Ол «пісіретін» биологиялық белсенді қоспалардың құрамын нақты білгендіктен, ол «синтетикалық» емес, құрамында жанатын, соның ішінде органикалық заттары бар капсулалар еритінін дәлелдей алды. (7 минуттан 15 секундқа дейін).
- Еттің майы – шын мәнінде желім
Ет бөліктерін біріктіретін «желім» болады, ол трансглютаминаза деп аталады. Оны спецификалық бактериялар ферментациясы нәтижесінде алады. Трансглютаминаза ұсақ ақ түсті ұнтақ сияқты. Онымен етті жабыстыру үшін ұнтақты еттің бөліктеріне жағу керек. Мұндай «желім» бірнеше сағат бойы әрекет етеді. Ет бөліктері бір-біріне жабысып тұрса да, оларды бөліп алуға болады. Бұл жағдайда жабысқан жерлер майға ұқсамайды. Онда дымқыл трансглютаминазаның түйіршікті құрылымы қалады. Егер осындай желімделген етті пісірсе, трансглютаминаза мүлдем көрінбейді, бірақ ет түйіскен жерінен бөлініп қалады. Оның қандай болатыны видеода 12 минут 22 секундтан бастап көрсетілген.
- Балмұздаққа кір жуғыш ұнтақ қосады
Бұл экспериментте балмұздаққа лимон шырынын қосады. Егер ол көбіктенсе, онда ролик авторларының пікірінше, бұл десертке кір жуғыш зат қосылған. Бұл дәлелсіз. Біріншіден, кір жуғыш заттардың барлығының балмұздақта жоқ экспрессивті иісі бар. Екіншіден, кір жуғыш ұнтақ асқазанға түссе, адам уланады, ал оны шаюға тырысқанда, көбіктенеді. Үшіншіден, балмұздақтан кір жуғыш ұнтақтың табылғаны туралы әлемнің ешбір елінде ресми түрде хабарланған жоқ.
- Теңіз қырыққабаты жасанды сүтті көк түске бояйды, ал табиғи сүтті боямайды
Бұл видеода бір стақан сүтке теңіз қырыққабатын қосып, араластырады. Автордың айтуынша, синтетикалық сүт көк түске боялады, ал табиғи сүт боялмайды. Бұл тәжірибе сүтте немесе басқа сусындарда крахмалдың болуын анықтауға арналған нақты ғылыми экспериментке негізделген. Бірақ ғалымдар стаканға теңіз қырыққабатын қоспай, бірнеше тамшы йод тамызуға кеңес береді. Таралған видеоға келетін болсақ, қолданылған сүтте крахмал әуелден болды ма, әлде әсерлі видео түсіру үшін оны әдейі қосты ма, мұны айту қиын.
- Балғын болып көрінуі үшін көкөніс пен жемісті бояйды
Роликте картопты су мен май қоспасына малынған мақтамен сүрту барысы көрсетілген. Нәтижесінде оның бояуы кетіп, көкөніс бозғылт сары болып қалады. Дегенмен, бұл видео ештеңені дәлелдемейді. Түйнекті түсірілім басталғанға дейін видео авторларының өздері бояп қоймағанына кепілдік жоқ.
- Табиғи кофе батады, ал жасанды кофе батпайды
Шындығында, олай емес. Ұнтақталған кофе мен суға жасалатын тест бар, бірақ ол ұнтақталған өнімде цикорийдің бар-жоғын анықтауға бағытталған. Егер таза ұнтақталған кофені суық суға салса, ол бетінде қалады, ал цикорий бөлшектері тұнып, суды қоңыр түске бояйды.
- Жасанды тұз суды лай қылады
Шын мәнінде, суды тұздың өзі емес, оның құрамындағы түйіршікті болдырмайтын зат лайлайды. Кәдімгі ас тұзында бұл зат өте аз мөлшерде болады және ол адамдар үшін қауіпсіз. Егер оны тұз пакеттеріне қоспаса, ол ұсақ кристалдарға бөлінбейді.
- Жасыл бұршақты әдейі бояйды
Бұл Үндістан мен Қытайдан келген ескі фейк. Шындығында, боялған жасыл бұршақтың барекендігінеі дәлел жоқ. Барлық «растаулар» сапасыз видео үзінділер болып табылады. Оларда дақылдарды саңырауқұлақтардан, жәндіктер зиянкестерінен тазарту және егінді көбейту үшін тұқымдарды өңдеп жатқан фермерлер көрсетілген.
- Табиғи дәмдеуіштер жанады, ал жасанды дәмдеуіштер жанбайды
Видеода екі қасыққа салынған куркуманы жалынның үстіне қояды. Нәтижесінде, бір қасықтағы дәмдеуіш жанып кетеді, екіншісіндегі қалады. Авторлардың пікірінше, жанып кеткен куркума рас, ал басқасы жалған. Шындығында, бұл эксперимент еш ақпарат бермейді. Куркума – бұл аттас өсімдіктің түйнек тамырынан алынған органикалық өнім. Кез келген органикалық өнім сияқты куркума да жанады. Егер оған ұқсас кез келген басқа органикалық өнімді қосса, онда ол да жанады. Ал бейорганикалық зат қосса, онда тек органикалық заттар ғана жанып кетіп, жалғандық айқын болады. Видео авторлары «жасанды» куркуманың құрамына не кіретінін айтпағандықтан, эксперименттің дұрыстығын тексеру мүмкін емес.
- Табиғи бал жанады, ал аралас бал жанбайды
Бұл видеода майшам білтесіне балдың екі түрін жағады. Оның бірі жанып кетеді, екіншісі жанбайды. Авторлардың пікірінше, сумен араластырылған бал жағылған білте жанбайды. Бұл эксперимент рас, бірақ ол табиғи және жалған балды жүз пайыз сенімділікпен ажыратуға мүмкіндік бермейді. Мысалы, егер балға қант шәрбатын қосса, ол да жанады, бірақ ол енді табиғи болмайды.
- Табиғи шай заттардың беттерін боямайды, ал жасанды шай бояйды
Бұл да жалған. Шай құрамында полифенолдар болады, бұл заттардан ол алтын қоңыр түске боялады. Табиғи шайдың заттардың беттерін бояйтыны кружкалар мен шәйнектерде қоңыр түсті іздің болуынан, сондай-ақ шаймен қағазды «ескіртуге» арналған бұрыннан белгілі балалар экспериментінен байқалады.
- Егер өсімдік майын сары маймен араластырса, қант қосқанда ол қызғылт түске боялады
Экспериментте сары майды шыны ыдысқа батырып, қант салады. Нәтижесінде, банканың түбінде қызғылт қабат пайда болады, видео авторлары бұл боялған өсімдік майы дейді. Бұл эксперимент қолдан жасалған, өйткені қантты өсімдік майына қосса да, ол қызғылт түске боялмайды.
- Жеміс пен көкөніске балауыз жағады
Бұл бүкіл роликтегі жалғыз шын мәлімдеме. Кейбір жеміс пен көкөніске арнайы, жеуге жарамды балауыз жағылады. Бұл өнімдерді мерзімінен бұрын шіріп кетуден және тасымалдау кезінде механикалық зақымданудан сақтау үшін қажет. Көкөністі балауызбен өңдейтіні құпия емес, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да ашық жазылады. Сондықтан жемістер мен көкөністерді тамақтанар алдында жылы сумен немесе арнайы құралдармен мұқият жуу керек.
Видео топтамадағы 16 элементтің біреуі ғана ақиқат. Барлық басқа эксперименттер жалған немесе дұрыс жүргізілмеген. Бұл видеоға сенбеген жөн.