Фейк: «Pfizer компаниясының пайымдауынша турбо қатерлі ісік бүкіл әлемге таралады»
Telegram-да АҚШ-тың Pfizer компаниясы турбо қатерлік ісіктің бүкіл әлемге таралатынына 43 миллиард доллар бәс тікті деген ақпарат талқылануда. Бұл шындыққа сәйкес келмейтін бұрмаланған ақпарат.
2023 жылдың наурызында фармацевтикалық алпауыт Pfizer қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек өндіретін Seagen компаниясын сатып алатынын жария етті. Келісім сомасы 43 млрд доллар болды. Нәтижесінде Pfizer-дің қарамағына FDA – америкалық азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы мақұлдаған төрт онкологиялық препарат өтеді.
Жарияланымда Seagen турбо қатерлі ісікті емдеуге арналған дәрі-дәрмектер шығарды делінген. Бұл жалған, биотехнологиялық компания ойдан шығарылған ауруға қарсы дәріні мүлде шығарған емес. Seagen қуық қатерлі ісігіне қарсы Padcev, сүт безі қатерлі ісігімен күресетін Tuksya, Ходжкин лимфомасын емдеуге арналған Adcetris сияқты таргеттік терапия препараттарын шығарады. Есесіне, бұл антидене-препарат конъюгаты немесе ADC деп аталатын дәрілердің жаңа тобы. Қатерлі ісікке қарсы құрал ісікке тікелей жеткізіледі және айналасындағы тіндерге зиян келтірмейді.
«Турборак» туралы 2022 жылы айтыла бастады. Бұл терминді алғаш рет канадалық дәрігер Чарльз Хоффе қолданған. Оның пікірінше, бұл қатерлі ісік COVID-19 қарсы мРНҚ вакцинасын егуден кейін дамиды. канадалық дәрігердің сөзінің дұрыстығын растайтын бірде-бір ғылыми зерттеу осы уақытқа дейін жоқ. Әлемде турбо қатерлі ісіктің бірде-бір жағдайы тіркелмеген. АҚШ-тың жетекші Слоан-Кеттеринг клиникасы коронавирусқа қарсы вакциналар қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін деген пікір миф деп санайды.
Демек, таралған ақпарат жалған. Pfizer турбо қатерлі ісік бүкіл әлемге қауіп төндіретіні бойынша бәс тікпеген. Оның үстіне, бұлай аталатын мен ауру жоқ.