Видео

Фейк: «Қазіргі дәрумендер денсаулыққа қауіпті»

Қазнетте тараған видеода адамдар Омега-3 дәрумені капсуласының ішіндегісін пенопластқа шығарып, оның ерігенін бақылайды. Олар бұдан қорқып кетеді, ал адамдар мұндай дәрумендерді тұтынудан бас тарту керек деген пікірлерін білдіреді. Бұл қадамға бару керек пе, жоқ па, анықтайық.

Омега-3 пенопластта сынау туралы Желіде бұрыннан айтылып келеді. Осылайша, қоспаның пайдасы да, оның зияны да «дәлелденеді». Мысалы, кейбіреулері витамин пенопластты ерітсе, онда холестерин түйіншектерін де жояды. Басқалары енжарлық танытуда: олардың пайымдауынша, пенопласт ерісе, витамин адамның ішін де жеп тастайды.
Бұл дауда бірде-бір тараптың пікірі дұрыс емес.
Этил эфирлері түріндегі Омега-3 май қышқылдары пенопластты ерітіп жібере алады. Бұл қоспаның зертханада толықтырылған және байытылған формуласы. 
Мұндай формуланы ДДСҰ мақұлдаған және оның адам ағзасына әсері жақсы зерттелген. 
Ол табиғи балық майы сияқты сіңеді және ішкі ағзаларға зиян келтірмейді.
Демек, камера алдында жүргізілген «пенопласт сынағы», әсерлі болғанымен, еш ақпарат бермейді. Омега-3 қоспасының пенопластты ерітуі препараттың қауіптілігінің немесе оның ішкі ағзаларды жеп тастауының белгісі емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button