Фейк: «1609 ғалым климат өзгеріп жатқан жоқ деген баяндамаға қол қойды»
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар бір жарым мыңнан астам ғалым қол қойған петиция туралы жазуда. Олардың пайымдауынша, климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жоқ. 53 бетте көмірқышқыл газы парниктік әсердің пайда болуының себептерінің бірі емес, Жердегі тіршіліктің негізі екендігі туралы айтылады. Бұған сенуге бола ма, жоқ па? Анықтайық.
Бұл петиция Желіде 2019 жылы пайда болды. Ол кезде оған 500 ғалым қол қойды деп хабарланды. Climate Feedback және Correctiv фактчекерлері анықтағандай, қол қойғандардың басым бөлігі климаттың өзгеруі бойынша мамандар емес және осы тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасайту үшін біліктілігі жеткіліксіз. Сонымен қатар қол қойғандар арасынан кейбір «профессорлардың» жеке басы расталмады. Петицияға қол қойған профессорлардың көбінің тау-кен саласында берік байланысы бар екендігі де маңызды. Яғни, көмір, мұнай және газ өндіру көлемінің төмендеуі қол қойғандардың осы салалардан түсетін табысының төмендеуіне әкелетіні сөзсіз. Олай болса, бұл профессорларға климаттың өзгеруі Жер бетіндегі өмірге қауіп төндірмейді деп айту тиімді болуы ықтимал.
2022 жылдың тамызында дәл осы петицияға 1100, ал сол жылдың қыркүйегінде – 1200 ғалым қол қойған.
Бұл ретте петицияда баяндалған және фактчекерлер жоққа шығарған дәлелдер өзгертілген де, толықтырылған да жоқ. Сондай-ақ 2019 жылдан бастап қол қойғандардың қатарында осы тақырып бойынша бір рет жалған мәлімдеме жасаған климаттың өзгеруін жоққа шығарушылар болған.
Сонымен қатар ғылыми ортада қалыптасқан консенсусқа сәйкес, климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну бар және оларды жеделдететін негізгі факторлардың бірі – адамның іс-әрекеті болып табылады. Корнелл университетінің 2021 жылғы есебінің нәтижелері бойынша 88 125 резекцияланған ғылыми зерттеулердің 99,9%-ы адамзат осындай жылдам жаһандық жылынуға себеп болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
NASA агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2005 жылдан кейін рекордтық ең ыстық 15 жаз тіркелді.
Демек, петиция негізсіз, ал оған қол қойған ғалымдардың климаттың өзгеру саласына қатысы жоқ немесе олар жаһандық жылыну туралы бірнеше рет жалған мәлімдемел жасаған, не болмаса, тау-кен компанияларынан қаражат алған. Петицияның өзі ғылыми ортадағы консенсусқа және жаһандық жылынудың бар екенін ғана емес, сонымен бірге адамның оны жеделдетудегі маңызды рөлін дәлелдейтін көптеген зерттеулерге қайшы келеді.
Олай болса, таралған ақпаратқа сенбеген жөн.