Fake News

Фейк: «Желіде қазақстандықтардың WhatsApp-тағы хат-хабарларын бақылау видеосы тарады»

Әлеуметтік желілерде ҰҚК WhatsApp-та пайдаланушылардың хат-хабарларын қалай бақылайтынын көрсетілген видео тарады. Бұл фейк.

Видеода экраны монитор көрсетілген, ондағы бейне бір уақытта хабар алмасатын бірнеше терезеге бөлінген.
Бұл видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл видео әлеуметтік желілерде 2023 жылдың қазан айының соңында тарала бастады. Сондай-ақ, оны Өзбекстан мен Дағыстан пайдаланушылары жаппай таратқан, осылайша билік Telegram немесе WhatsApp мессенджерлерде хабарламаларды қадағалайды екен.
Видеоның сапасы төмен, сонда да кадрдан мессенджер интерфейсінің Telegram-ға да, WhatsApp-қа да ұқсамайтынын көруге болады. Экранда көрсетілген дүние қытайлық WeChat мессенджеріндегі жарнамалық спам-хабарламаларды жаппай таратуға ұқсайды.
Демек, видеода айтылған ҰҚК WhatsApp-тағы хат-хабарларды қадағалайтыны туралы мәлімдеме жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button