Фейк: «Тұз құрамында мРНҚ бар Билл Гейтстің жасанды тұзымен алмастырылады»
Мессенджерлерде FDA тұздың көп бөлігін синтетикамен алмастыруды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарады. Мұндай жасанды алмастырғыштардың құрамында қауіпті химиялық заттар, тіпті мРНҚ бар, оларды Билл Гейтстің өзі қаржыландырған екен. Бұл рас па? Талдап көрейік.
АҚШ-та Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) белгілейтін әртүрлі тағам өнімдеріне арналған сәйкестік стандарттары (SOI) бар. Бұл стандарттар кейбір өнімдердің міндетті құрамын реттейді. Яғни, онда өнімде не болуы керек, қандай мөлшерде және қай пропорцияда екені жазылады.
Бұған дейін сәйкестік стандарттарына сәйкес, өндірісте тұз алмастырғыштарды қолдануға рұқсат етілмеген еді. Ал 2023 жылдың наурызында FDA түзетулер енгізіп, тұзды (натрий хлориді) тұтынуды азайту үшін консервілерді, дәмдеуіштерді және нан өнімдерін жасау кезінде тұз алмастырғыштарды қолдануға рұқсат беруді ұсынды. Өйткені, құрамында натрий болғандықтан оны шамадан тыс тұтыну денсаулыққа қауіпті, бұл жүрек-қан тамырлары қысымының болу қаупін арттырады және жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсультке әкелуі ықтимал.
Дегенмен, басқарма тек ұсыныс қана береді, ол натрийді тұтынуды азайту үшін алмастырғыштарды пайдалануға міндеттемейді.
Тұз алмастырғыш – бұл тағамдағы натрийді төмендететін және ұқсас тұзды дәм беретін кез келген өнім. Көбінесе алмастырғыштар кәдімгі тұзбен бірге қолданылады, оның кішкене бөлігі ғана алмастырылады. Ең көп тарағаны – калий хлориді. Сонымен қатар, тұзды ішінара дәмдеуіштермен, сондай-ақ лимон шырынымен, сірке суымен немесе сарымсақ ұнтағымен алмастыруға болады.
Калий хлоридінен басқа да тұз алмастырғыштар бар. Атап айтқанда, кальций, литий, магний хлориді немесе магний сульфаты. Бұл қосылыстардың ешқайсысында мРНҚ жоқ.
Алмастырғыштардың Билл Гейтске қатысты жоқ. Гейтс тұзды алмастырғыштар май, холестерин және тұзды шамадан тыс тұтынудан денсаулығы сыр берген адамдар үшін жақсы жаңалық екенін айтқаны рас. Алайда Билл мен Мелинда Гейтс қоры мұндай алмастырғыштарды өндіруді қаржыландырмаған. Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) да тұз алмастырғыштардың белгілі бір түрлерін немесе өндірушілерін ұсынбаған.
Фейк алдымен The People’s voice жаңалықтар веб-сайтында шыққан. Ақпарат көздерінің дұрыстығын бағалайтын Media bias/Fact Check сайтының хабарлауынша, The People’ s Voice қастандық пен жалған ғылымға арналған сайт және жалған ақпарат тарады.
Олай болса, тұзды Билл Гейтстің жасанды мРНҚ алмастырғыштарымен ауыстыру туралы мәлімдеме жалған. Біріншіден, тұзды алмастырғыштарда мРНҚ болмайды, сондай-ақ Гейтстің оларға ешқандай қатысы жоқ. Екіншіден, FDA натрийді тұтынуды азайту үшін алмастырғыштарды қолдануды тек ұсына алады. Себебі натрийді шамадан тыс қолдану адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.