Манипуляция

Фейк: «Су талонмен беріледі»

Әлеуметтік желілерде тараған видеода әлемде су талонмен беріле бастайтынын дәлелдей екен. Онда ДЭФ мүшесі Мариана Маццукатоның» дәйексөзі келтірілген, ол «Біздің бүкіл планетаны вакцинациялау әрекетіміз сәтсіз болды, «климаттың өзгеруі» адамдар үшін тым абстрактілі, ал алдағы су дағдарысы – бұл бәрі келісетін дүние» дейді. Бұл фейк және манипуляция.

Видео 2022 жылдың мамыр айында өткен «Жаңа су экономикасы» тақырыбындағы баспасөз конференциясының жарты сағаттық жазбасынан алынған үзінді, оның барысында Дүниежүзілік экономикалық форум аясында су ресурстары экономикасы жөніндегі жаһандық комиссияның жұмысы таныстырылды.

Сөз сөйлеген сарапшылардың қатарында UCL Инновациялар және қоғамдық мақсаттар институтының негізін қалаушы, профессор Мариана Маццукато да болды.

Баспасөз конференциясы кезінде спикерлер су адамдар үшін ақылы болады немесе талонмен беріледі деп айтқан емес. «Талон» сөзі мүлде қолданылған жоқ, тіпті бір нәрсенің орнына немесе бірдеңені көрсеткен кезде су беріледі немесе сатылады дегп айтылмады.

Баспасөз конференциясында климаттың өзгеруіне байланысты әртүрлі елдердің халқы, әсіресе табысы төмен және орташа адамдар болашақта ішуге немесе өнімдер өсіруге арналған таза судың жетіспеушілігінен зардап шегуі ықтимал екендігі айтылды.

Мариана Маццукато өз сөзінде адамдардың су мен вакцина сияқты қол жетімді игіліктерге деген көзқарасын салыстырды. Оның айтуынша, адамдарға вакцинацияның қажеттілігін түсіндіру қиын болды, өйткені адамның денсаулығы оның айналасында көшеде, қалада, елде және әлемде жүргендердің саулығына байланысты. Вакцина бәріне салынды ма? Жоқ. Ол сондай-ақ «климаттың өзгеруі» ұғымы біршама абстрактілі, ал суға деген қажеттілік балаларға да түсінікті екенін атап өтті. Одан әрі профессор бұл игіліктер арасында параллель болуы мүмкін деген қорытындыға келді: екі жағдайда да адамдарға олардың маңыздылығын түсіндіру қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, тараған ақпарат – фейк. ДЭФ су беру талондарын пайдалануды ұсынған жоқ. Керісінше, баспасөз конференциясында жалпыға ортақ болғандықтан су барлығына қол жетімді болуы керек екендігі талқыланды, бірақ Жердегі суды ұтымды пайдалану үшін күш салу керек. Спикерлер адамдар суды бағалауы үшін халыққа оны қалай ұтымды пайдалану керектігін түсіндіруі керек және елдер, әсіресе табысы төмен және орташа мемлекеттер, көп шығынның алдын алу үшін ауызсу мен суаруға арналған су тапшылығының болашақ мәселелерін бірлесіп шешуге тиіс екенін атап өтті.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button