Конспирология

Манипуляция: «Екпе салдырғаны үшін «Матрицадағыдай» көк таблеткалар берілді»

Әлеуметтік желілерде кішкентай полиэтилен пакеттегі көк капсуланың суреті бар хабарлама талқылануда. Қаптамадағы жазу жақсы көрінеді, «Vaccination Treat» және екпе салдырғаны үшін алғыс айтылған. Таралған хабарламада автор «қызықты бақылау» туралы жазады және бұл суретті «Матрица» фильміндегі кадрлармен салыстырады. Біз бұл «көк таблетканың» не екенін анықтадық.


Пакетте басқа жазулар да бар – «jellybean» (шайнайтын мармелад), «Mangawhai Pharmacy» (Мангавай дәріханасы). Бұл суретті 2021 жылдың 20 қазанында Twitter-де (қазір X деп аталады) Жаңа Зеландиядағы Мангавай шағын ауылының тұрғыны жариялаған. Бұл елді мекенде 1 мыңнан аз адам тұрады.
Селия ревакцинацияның екінші дозасын алғаннан кейін берілген «пластик қаптамадағы үлкен мармеладқа» тәнті болғанын жазды. Пайдаланушылар Твитке бірден ден қойды. Кейбіреулер мармеладтың ашық көк түсті екендігіне күліп, танымал «Матрица» фильмінің басты кейіпкері таңдауға тиіс болған көк және қызыл таблеткалар туралы жазды.
Бұдан кейін фантастикалық фильмдегі бұл көрініс символдық мәнге ие болды. Қызыл таблетканы таңдау ащы шындықты білу, көк түстісі – жаныңды тыныштандыратын өтірікті есті дегенді білдіретін болды. Актер Киану Ривзтің кейіпкері қызыл таблетканы таңдағанды жөн көрді.
Алайда, Мангавайдағы Селия вакцинацияға дейін шындық пен өтіріктің немесе олардың белгісінің арасында таңдаған емес. Ол екпенің екінші дозасын алу-алмау бойынша таңдау жасады. Ал кәмпитті оған көңілін көтеру үшін берген. Айта кетейік Jelly Belly компаниясының ішінде желесі бар бұршақ тәрізді шайнайтын мармеладтары дәстүрлі түрде әртүрлі түстерде жасалады – қызыл, сары, қызғылт, ақ, күлгін, жасыл, көк және т. б.
Суретте пакетте Мангавай дәріханасы деген жазу бар екенін байқауға болады. Яғни, «кейбір елдерде вакцинация алған кезде бонус ретінде көк таблетка берілді» деп айтуға болмайды. «Жаңа Зеландияның шағын бір ауылында егілгеннен кейін мармелад берілді. Жергілікті тұрғындардың біріне көк түсті кәмпит ұсынылған» десек дұрыс болады. Мұның астарында еш мән жоқ.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button