Fake News

Фейк: «Біздің планетамыз үшін сегіз миллиард адам көп емес»

Әлеуметтік желі пайдаланушылары сегіз миллиард адам біздің планетамыз үшін онша көп емес деп жазуда. Кейбір әлемдік элиталар адамдарға халықтың көп болу қаупі туралы өтірік айтып, белгісіз мақсатпен оның санын азайту бағдарламаларын іске қосады екен.  Бұған сенуге бола ма? Анықтайық.

 

2022 жылдың қарашасында Жер халқы рекордтық сегіз миллиардқа жетті. Көптеген сарапшылар бұл көрсеткіш тым жоғары, бұл экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер тудырады деген пікірлер айтты.

Әлеуметтік желілерде тараған роликтің авторы олармен келіспейді. Видеода Нью-Йорк пен сегіз миллиард адам масштабы қатар қойылған тіктөртбұрыштармен салыстырылады. Биіктіктен қарағанда мегаполис пен тіктөртбұрыштың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ сияқты болып көрінеді.

Шындығында, бұлай салыстырған дұрыс емес. Адамдардың көбі тамақ пен су сияқты шектеулі ресурстарды әлдеқайда көп сіңіреді. Адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қосымша аумақтар мен үйлер қажет, ал олардың құрылысы көміртегі ізін қалдырады. Киім-кешек, тұрмыстық заттар шығару, электр энергиясын өндіру, көлікті пайдалануға және адамдар пайдаланатын басқа да игіліктер экологияға да зиянын тигізеді. 

Яғни, планетаның толып кетуіне келсек, сарапшылар планетада орын емес, ресурстардың жетіспеушілігі және планетаға елеулі теріс әсер ету туралы айтады.

Сонымен қатар, Жер халқының санын қысқарту туралы қастандықтардың бар екендігі туралы теориялар жалған. Олар ондаған жылдан бері бар және осы уақыт ішінде дәлелденген жоқ. Керісінше, осы жылдар ішінде Жер халқы айтарлықтай өсті. Мысалы, 2010 жылы планетамыздың халқының саны 6 миллиард 985 миллион адамға тең болды. 

Шындығында, мамандар халық санын қысқартудың орнына жаңартылатын энергия көздерін, электр көліктерін әзірлеу, атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту, тұрақты және экологиялық таза ауыл шаруашылығы мен өндірісті қолға алу бойынша жұмыс жүргізуде.  Осы іс-әрекеттердің арқасында адамдардың өмір сүру ұзақтығы артады, өмір сапасы жақсарады және бір кездері халықтың көптігінен болады деген аштық пен эпидемиялар болып жатқан жоқ.

Яғни, сегіз миллиард адам – бұл көп. Мәселе, планетада орын жетпейтіндігінде емес, ресурстарды шамадан тыс тұтынуда. Ғылымның көмегімен адамзат осы тенденцияның ауыр салдарын болдырмауға тырысады, әзірге бұл сәтті жүзеге асырылып жатыр.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button