Дәлелсіз: «2075 жылға қарай әрбір бесінші бала виртуалды болады»
Желіде келесі 50 жылда әрбір бесінші бала жасанды интеллекттің көмегімен жасалады деген ақпарат тарады. Жазылу арқылы қол жетімді болатын виртуалды балалар туралы Ұлыбритания үкіметінің бұрынғы кеңесшісі мәлімдеген екен. Бұл қаншалықты рас екенін анықтайық?
Үкіметтің бұрынғы кеңесшісінің аты – Катриона Кэмпбелл. Ол жасанды интеллект саласындағы белгілі маман және виртуалды балалар туралы мәлімдеме жасаған.
Атап айтқанда, мета ғаламда (болашақта интернет трансформацияланатын кеңейтілген шындық жүйесі) виртуалды балалар болуы мүмкін деген.
Кэмпбеллдің айтуынша, мұндай цифрлық сәбилер, ерлі-зайыптылар үшін нақты ата-ана болуға дайын екендіктерін тексерудің жолы немесе баласынан айырылғандар үшін терапевтік құрал болар еді. Сондай-ақ, Кэмпбеллдің пікірінше, виртуалды нәресте, тірі баланы асырай алмайтындар таңдай алады. Алдын ала есептеулер бойынша, виртуалды баланы бағып-күту кәдімгі балаға қарағанда бірнеше есе арзан болады.
Айта кетерлік жайт, Кэмпбелл цифрлық сәбилерді әлемге ұсынатын Meta компаниясы бұған қатысты пікірін білдірмеген және цифрлық балаларды жасау жоспарларымен бөліспеген, растамаған.
Олай болса, Катриона Кэмпбеллдің сөздері шындыққа жанаспайды. Оның виртуалды балалар туралы айтқан сөздері оның жеке ойы және болашаққа деген көзқарасы. Мұндай жобалар ешқашан болмайды немесе оларды іске қосу сәтсіз аяқталады.
Дегенмен, 50 жыл өткен соң не болатынын біз сеніммен айта алмаймыз, өйткені кез келген, негізделген болжамдар да шын болмай шығуы мүмкін.
Демек, 2075 жылға қарай әрбір бесінші бала цифрлық болады деген пікір дәлелсіз. Бұл бір ғана адамның негізсіз жеке пікірі.