Конспирология

Фейк: «ДДСҰ 2024 жылғы пандемияны дайындауда»

Әлеуметтік желілерде 2024 жылға жоспарланған жаңа пандемия туралы тағы да айтылуда, осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа қауіпке байланысты мүше елдерді егемендігінен айырады екен. Мұның бәрі өтірік.

ДДСҰ 2024 жылы жаңа пандемияны жоспарлап отырғаны туралы тезис дәлелденбеген. Ұйымның сайтында мұны растайтын ештеңе жоқ. ДДСҰ өкілдері де бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай мәлімдемелер жасамаған.

ДДСҰ-ға мүше елдер егемендіктерінен айырылады деген сөз – нағыз конспирология. Олар осындай шаралар әлі қабылданбаған «Пандемияның алдын алу, дайындықты қамтамасыз ету және әрекет ету шаралары жөніндегі келісімде» қарастырылғаны туралы жалған ақпаратқа негізделген. Шын мәнінде, келісім жобасында мұндай ештеңе жазылмаған. 

ДДСҰ-ның ресми сайтында жаңа келісім туралы көп қойылатын сұрақтарға арналған парақша бар. Жауаптарда оған ұйымға мүше елдердің келісім талаптарын сақтауына кепілдік беретін қандай да бір шаралар қарастырыла ма, жоқ па, әлі белгісіз екендігі нақты жазылған. Мұндай шараларды мәтінге енгізу мәселесі және бұл шаралар қандай болуы керек екендігін мүше елдердің өздері шешеді. 

Демек, ДДСҰ 2024 жылы жаңа пандемияны жоспарлап отыр және ұйым елдерді тәуелсіздігінен айырмақ деп ойлауға негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button