ТарихМанипуляция

Фейк: «Джон Кеннеди ауа райын басқаруды қаруға айналдыратынын болжаған»

Қазнет қолданушылары Джон Ф. Кеннеди қаруға айналатын ауа райын басқару жүйесінің пайда болатынын болжаған деп жазды. Ол бул тарлы рас айтты ма? Қазіргі кезде мұндай жүйе бар ма? Анықтайық.

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Джон Кеннеди ауа райын бақылау туралы айтқан. Ол 1961 жылы 25 қыркүйекте БҰҰ Ассамблеясында сөйлеген сөзінде осындай технологиялар туралы баяндаған. Видеожазба мен сөйлеген сөзінің толық нұсқасы Желіде бар.

– ( … ) Біз ауа райын болжау, ақыр соңында ауа райын бақылау үшін барлық халықтарға күш-жігерімізді біріктіруді ұсынамыз. Біз бүкіл әлемді телеграф, телефон, радио және теледидармен байланыстыратын ғаламдық байланыстың спутниктік жүйесін ұсынамыз. Мұндай жүйе ғаламдық әлемнің игілігі үшін планетаның түкпір-түкпіріне осы органның отырыстарын теледидардан тарататын күн де алыс емес», – деді ол.

Кеннеди қайтыс болғаннан кейін АҚШ президенті болған Линдон Джонсон Кеңес Одағымен метеорологиялық ақпарат алмасу туралы келісімде жоғарыда айтылған сөзге сүйенеді. Алайда ауа райын болжау және ықтимал бақылау жүйесі қаруға айналады деп мәлімдеген жоқ.

Демек, Кеннеди де, Джонсон да ауа райын бақылау технологиясының негізінде жасалған қару туралы айтпаған.

Айта кетейік, 1950-1960 жылдары ауа райын бақылау тақырыбы қырғи қабақ соғыс жағдайында танымал болды. АҚШ билігі мұндай технология Кеңес Одағында жасалып, сыналуда деп санады, ал КСРО керісінше, АҚШ-тан күдіктенді.

Дегенмен, әлі күнге дейін ауа райын толық бақылауға мүмкіндік беретін технологиялар жоқ. Мұндай технология негізінде қару да жасалмады.

Демек, таралған ақпарат контекстен үзіп алынған сөз тіркесіне және бұрмаланған фактілерге негізделген фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button