Манипуляция: «Жәндіктерді графен оксидімен қоректендіру технологиясы патенттелген»
Telegram-да Хэбэй педагогикалық ғылым және технологиялар университеті жәндіктерге арналған графен оксиді қосылған жем өндіру технологиясына патент алуға өтінім бергені туралы ақпарат тарады. Мәтінде келешекте 5G толқындарына сезгіш болуы үшін адамдарды осы жәндіктермен тамақтандыру жоспарланып отырғаны жазылған.
Мұндай патенттің бар екені рас. Оны алуға өтініш 2018 жылы берілген, онда жәндіктерге арналған графен оксидіне негізделген жем жасау технологиясы сипатталған. Затты сумен араластырады, содан кейін оған жүгері ұнын, ашытқы мен басқа ингредиенттерді қосады. Демек, жәндіктерді тек графен оксидтерімен ғана қоректендіреді деген дұрыс емес. Ол тек жем өндірісінде қоректік орта құру үшін ғана қолданылады.
Қазіргі кезде мұндай жем өндіріле ме, жоқ па, белгісіз. Қытайлық БАҚ-та графен оксидін осылай қолдану туралы ештеңе айтылмаған. 2021 жылы zhihu.com қытайлық танымдық платформасында графен оксидін ауыл шаруашылығында қолдану тәсілдері сипатталған мақала шықты. Олардың ішінде жәндіктерге арналған жем жасау болған жоқ.
Сонымен қатар патентте адамдар міндетті түрде жәндіктерді жейді деп жазылмаған. Мұндай мәлімдемелерді конспирологтар таратады. Шын мәнінде, қандай да бір өнімдерді тұтыну – бұл әр адамның жеке таңдауы, оны ешкім мәжбүрлей алмайды.
Демек, жәндіктерді адамдарды тамақтандыру үшін графен оксидімен қоректендіретіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Патентте графен оксиді негізінде тек жем өндіру үшін қоректік орта ғана жасалады делінген. Сондай-ақ адамдарға жәндіктерді күштеп жегізеді дегенге сенуге негіз жоқ.