Конспирология

Фейк: «Аспаннан хлор мен «ақылды» шаң шашады»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аспаннан әдейі хлор мен «ақылды» шаң шашатыны туралы ақпарат тарады. Бұл соңғы 70 жылдан бері жасалып келеді екен. Мұның бәрі конспирология.

Келтірілген мәлімдемелерді рет-ретімен талдайық.
Посттың басында автор аспаннан әдейі хлор шашады деп айтады. Бұл мүмкін емес. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, хлордың иісі өткір, оны байқамау немесе басқа нәрсемен шатастыру қиын. Екіншіден, хлор газы атмосфераға тиген кезде түтін шығады. Яғни, ұшақтардан шашылған зат көзге көрінетін еді. Үшіншіден, хлор ауадан ауыр және сыртқа ағып кету жағдайда ойпаттарда, жер асты өткелдерінде, төменде орналасқан басқа жерлерде шоғырланған. Бұл да байқалатын еді.
«Ақылды шаң» – бұл «бұлт» түрінде жиналып, ақпарат беретін кішкентай роботтар. Бұл технология 1990 жылдардан бері белсенді талқыланып келе жатқанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін ол әлі де әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда 5 мм дрондардың прототиптері сыналуда, бұл роботтарды бірден байқауға болады.
Яғни, ұшақтардан «ақылды шаң» шашатыны туралы теория шындыққа жанаспайды. Біріншіден, мұндай дрондар әлі де әзірленіп жатыр, екіншіден, олар адамға көрінбейтіндей кішкентай емес.
Жалпы, ұшақтардан ауаға түрлі химиялық заттар шашады деген идея конспирологиялық және химтрейл теориясы деп аталады. Ол 1990-шы жылдары пайда болды, содан бері оның басты «дәлелі» – аспанда ұшып өткен ұшақтардан кейін қалған ақ із. Шын мәнінде, бұл ылғал тамшыларының қатуы мен кристалдануы нәтижесінде пайда болатын конденсациялық із. Сонымен қатар егер ауа температурасы Цельсий -40 градустан төмен болса, онда мұндай із айқын болады және ұзақ уақыт бойы сақталады. Егер ұшақтың сыртындағы ауа суық болмаса, онда із тез жойылады немесе мүлдем болмайды. 
Химтрейлдер теориясының шын екендігіне нақты дәлелдер жоқ.
Демек, таралған хабарлама – фейк. Ауаға хлор да, «ақылды» шаң да шашпайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button