Fake News

Фейк: «5G бағаналары жаңа індетке ықпал етеді»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа буындағы 5G ұялы байланыс бағаналары COVID-19 жаңа эпидемиясына әкелетіні туралы бейнероликті талқылауда. Нақ осы желілер вирус таратады. Егер оларды өшірсе, ауру мүлдем жоғалады екен. Бұл жалған.


Видеода ұялы байланыс ауру таратады деген теорияны айтқан адам – белгілі конспиролог Дэвид Айк. Ол әлемді рептилойдтар басқарады деген сияқты көптеген қастандық теорияларын насихаттаушы. COVID-19 пандемиясының басталуымен ол аурудың өзі және оның қоздырғышы туралы жалған идеялардың бәрін насихаттай бастады. 5G форматындағы ұялы байланыс бағаналары ауру таратады деген теория – солардың бірі. Осындай жалған ақпарат таратқаны үшін Айктің Facebook-тегі және X-тегі (бұрынғы – Twitter) аккаунттары бұғатталды.
Нидерланды үкіметі одан асып түсті, олар Айкке елге кіруге тыйым салды, бұған конспирологтың қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретіні себеп болды.
Демек, Айктің сөздеріне сенуге болмайтынын анық – ол қастандық теорияларын жақтаушылар арасында өзінің танымалдылығын сақтау үшін интернеттегі қастандық теорияларын қайталап айтады.
5G ұялы байланыс желілері COVID-19 таратады деген идеялар ғылымға қарсы. Оларды фактчекерлер мен мамандар көп мәрте жоққа шығарған.
Сонымен қатар 5G технологиясы мен коронавирустық инфекция арасындағы байланыс теориясы объективті шындыққа қайшы келеді. 5G желілері алғаш рет Оңтүстік Кореяда 2019 жылы енгізілді. COVID-19 пандемиясы сол жылдың соңында басталды, бірақ ол 5G бағаналары жоқ Қытайдан шыққан.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 5G желілері Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және Жаңа Зеландияның ондаған басқа елде орнатылды. 5G желілерінің тұрақты кеңеюінің әлемдегі COVID-19 аурушаңдығымен ешқандай байланысы жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 5 мамырында COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай ресми түрде аяқталды. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Сонымен бірге, 5G желілері бүкіл әлемде белсенді түрде орнатылуда.

Олай болса, таралған ақпаратқа сенбеген жөн. Бұл конспиролог қайталап айтқан қастандық теориясы.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button