Fake News

Фейк: «Глобалистер пандемияны жойды»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар неге «глобалистер коронаны жойды» деген бейнероликпен бөлісуде. Бұл конспирологиялық және мағынасыз мәлімдеме.


Алдымен, қастандық теорияларын жақтаушылар Билл Гейтс, Клаус Шваб, Рокфеллер отбасының мүшелерін және т.б. бай және танымал адамдарды «глобалистер» деп атайтынын атап өткеніміз жөн.
COVID-19 туралы қастандық теорияларының бірі пандемияны нақ осы адамдар «қойған» деген пікір болып табылады. Бұл идея бойынша Sars-CoV-2 вирусы жоқ, ал адамдарды дәрі-дәрмекпен улап, құлға айналдырады, оларды карантиндік шектеулерді сақтауға мәжбүрлейді. Бұл туралы біз жазған болатынбыз.

Конспирология: «COVID-19 пандемиясы әлем халқын азайту және адамдарға толық бақылау орнату үшін қолдан жасалды»

Шын мәнінде, Sars-CoV-2 вирусы бар және мұны әртүрлі елдердің ғалымдары растады. Патогеннің микроскоппен түсірілген суреттері бар және оның шифрланған геномы баршаға қол жетімді.
Бұл вирустың пандемиясы да бар. Бұл туралы 2020 жылғы 11 наурызда ДДСҰ брифингі барысында жарияланды.
Пандемия дауыл, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б. форс-мажорлық жағдайлар болғандықтан, оны жоспарлау немесе жою мүмкін емес.
Көптеген елдерде адамдардың COVID-19-бен ауруы тоқтаған кезде пандемия аяқталды деп айтуға болады. Бүгінгі таңда ауру жұқтыру жағдайлары әлем бойынша әлі де тіркелуде, бірақ қазіргі кезде аурудың жеңіл немесе симптомсыз түрін тудыратын вирустың омикрон нұсқасы ең көп таралған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button